МЕРЕЙДІ ӨСІРГЕН МАРАПАТ

Жуырда Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық байқауға ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін «Аймира» балабақшасының тәрбиешісі Айгүл Жұмағұл «Үздік тәрбиеші – 2020» төбелгісімен марапатталды. Он жылға жуық еңбек жолында ата-аналардың алғысына бөленіп жүрген тәрбиеші кәсіби біліктілігін арттырып, шығармашылығын шыңдауды бір сәтке де тоқтатқан емес.
– Балабақшада еңбек еткен жылдар ішінде мен көп нәрсе үйрендім. Қаншама қызығы мен қиындығына кезіксем де тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма еш өкінген емеспін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала – қайталанбас бір ғажайып әлем. Сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, әр баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін танып, оның жүрегінен, жан дүниесінен жол таба білу – барлық тәрбиешілердің борышы. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе дейді А.Ағайдарқызы.
Тәрбиеші әр күнді балалармен қызықты өткізу үшін, түрлі жаңа заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануда. Сондай жемісті жұмыстарын жинақтап, байқауға ұсынған А.Жұмағұлдың еңбегі ерекше деп танылып, үздіктер қатарынан көрінді. Иә, тәрбиешілердің бала тәрбиелеу үрдісіне жаңа көзқараспен қарауы, еткен еңбек пен төккен тердің еленуі қуантарлық жайт.
«Өскен өңір» ақпарат