Ерінбеген етікші болады
Қазір біздің қоғам шабамын деген адамға ат берген, жанамын дегеннің жүрегіне от берген қазақтың алтын дәуірі. Екі қолға бір күрек тауып, іспен айналысуға мүмкіндік мол. «Еңбек ер атандырады» деген. Биылға «кәрі құдамыз» ә дегеннен-ақ қаһарлы мінезін танытып келіп, екі аяқты бір етікке тыға жаздады. Етік демекші, қыс айларында ызғарлы боран алқымнан алғанда тығырыққа тірелетініміз жасырын емес. Әсіресе аяқтағы етігінің еті сүйегінен ажырап, тігісінен ыдырап тұрса. Осындай сәтте аяқ киімнің жыртығын жамап, жөндей қоятын етікшілердің барына қуанасың.
Етікші болу – еріккеннің емес, тіпті, екінің бірінің қолынан келе бермейтін кәсіп түрі. Ата-бабаларымыз «Ерінбеген етікші болады» деген тәмсілді бекер айтпаса керек. Бүгін үйден керемет көңіл-күймен жұмысқа бет алдым. Бірінші бағытым орталық базар болатын. Әлеуметтік желіге қарасам бүгін етікшілер күні екен. Базар іші ығы-жығы адам. Бәрі жеке басының қамын күйіттеп жүргендер. Қызу тіршілік арасынан етікшіге көзім түсті. Күнделікті ісіне кіріскен еңбек адамымен жақын барып таныстық. Кейіпкеріміз өзін жолы болғыш адаммын деп есептейді екен. Таң мен таласа тұрып, балға мен бізді жолдас еткен етікшінің аты-жөні Нұрлыбек Бейсекеев. Нұрлыбек осы кәсіпті игеріп, отбасын азын аулақ тиынмен асырап, күнкөрістің қамын жасап, отбасының жоғын бүтіндеп жатқанына, биыл 17-ші жыл дейді. Кейіпкеріміз басында қиын болғанын, кейіннен қолы жаттығып, қызығушылығы оянғанын алға тартты. Ол тұтынушылардың көңілін жықпай етіктерін ойындағыдай етіп, сәнін де, сапасын да келтіріп, тігіп беремін дейді. Соңғы бірнеше жылда Нұрлыбектің тұрақты тұтынушылары көбейіп, тапсырысы арта бастаған. «Еңкейіп жұмыс жасасаң, шалқайып демаласың» дейді Нұрлыбек Әбдіманапұлы. Осылайша кәсібін төменнен бастаған азаматтың тірлігі алға басып, осы күні танымал кәсіп иесіне айналып келеді.

Қазіргі таңда қытай тауарлары базарда қаптап тұрғанына көңіл налиды. Көздің жауын алатын сатылымда тұрған етіктердің ішінде өте жақсы дегендерінің өзі бір жылға жетпей табаны бөлініп немесе тігісінен кетіп жатады. Алмайын десеңіз қалтаға қонымды бағаны айтады. Әзірге киіміміздің бүтіндігі мен аяғымыздың жылулығын шығыстағы көршімізге сеніп тапсыра тұруға тура келеді. Әлемде 10 млрд жұп аяқ киім өндіріледі деп есептесек, соның 6 млрд-ы Қытайдікі болып шығады екен. Қытайдан шыққан сапасыз аяқкиімдердің құрамы денсаулыққа өте зиянды, бір жағынан аяққа қонымды келмейді. Бірақ сұранысқа ие болып тұрады. Көбінесе аяқ киімдер әдемі көріну үшін тігушілер терінің астына паралон салады екен. Сол себепті материал ауа өткізбейтін болғандықтан, буын ауруын тудырады. Қазақстанға аяқкиім шығаратын тауарларының 75 проценті Қытайдан тасымалданады. Қазіргі таңда елімізде былғары өңдеу саласын да 32 кәсіпорын жұмыс істесе, солардың 5-еуі аяқ киім өндіреді. Біздің елімізде жүн өндіру өндірісі де кенже қалғаны жасырын емес. Мысалыға, қой жүнін керек қылмай қоқысқа тастап немесе өртеп жіберетін болдық. Себеп не? Өйткені қабылдайтын арнайы орындардың жоқ болуынан керексіз болып жатыр. Елден жүн өңдейтін кәсіпорын ашылса, жатқан жүндер кәдеге жарар еді. Отандық мамандар жүннің таза табиғи өнім оны жылу үшін ғана емес, емдік мақсатқа да пайдалануға болады деп дабыл қағуда. Жүннің талшықтары массаждық эффект береді. Оны жалаңаш аяққа кисе, қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Өзіміздің елде жүн қосып табиғи таза былғары мен теріден аяқ киімдер жасалып шығарылса, сапалы әрі денсаулыққа пайдалы болар еді. Жә, бірді айтып, екіге кететін әдетіміз бар. Етікшілік кәсіпті қолға алған жігіт ағасы Нұрлыбекпен тілдескеннен соң туған ой болатын. Етікшілік кәсіпті одан әрі дамытатын Қазақстанда аяқ киім өндіру цехы іске қосылса құба-құп.
Шапағат ТІЛЕУБАЕВ