Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапырақ неге жасыл болады?

Жапырақ неге жасыл болады?


Жапырақ
– өсімдіктің ең маңызды өсімді мүшесі. Өсімдік түрлеріне қарай жапырақтардың құрылысы да əртүрлі болып келеді. Жапырақ алақандарының пішініне қарай жүрек тəрізді, бүйрек, ромб, жебе тəрізді, қылқан жапырақты болып бөлінеді. Жапырақтарының пішіндеріне қарап, өсімдіктің тарихи дамуын, шыққан тегін анықтайды. Жапырақтардың астыңғы жəне үстіңгі жақ беттері қалың қабықшалы, бір-біріне тығыз жанасып жатқан мөлдір жасушалармен қапталады. Бұл жабынды ұлпадан тұратын қабықша – жапырақ өңі деп аталады. Өң жапырақты зақымдалудан, кеуіп кетуден сақтайды. Өңнің астында жасыл жасушалардың бірнеше қабаты орналасқан. Олар фотосинтездеуші ұлпаны құрайды.
Фотосинтездеуші ұлпа жасушаларында фотосинтез жүретін хлоропластар болады. Жапырақтың жасыл болу себебі хлорофиллдың арқасы. Олар жасыл химикаттар. Осы химикаттар жапырақты жасыл түске бояйды. Онымен қоса олар Фотосинтез процесін қолдайды. Жеке организмдер осы энергияны өздерінше түрліше пайдалануы мүмкін.
Жасыл өсімдіктер суды буландыру арқылы ауаны ылғалдандырады, желге тосқауыл болады. Сондықтан адамдар оларды елді мекендерді көгалдандыруға пайдаланады. Əдетте, ағаштарды көшенің екі жағына егеді. Ағаштарды машиналар көп жүретін кең, түзу көшелердің ортасына да жолды екіге бөліп тұратындай етіп отырғызады. Олар көшенің екі жағынан ерсілі-қарсылы жүріп жатқан машиналардың шаңын жұтып, шуын бəсеңдетеді.
Тыныс алу жолдары ауыратын адамдарды айналасы қарағай, шыршалармен көгалдандырылған тынығу орындарына жібереді. Қарағай, арша, шырша, қайың, мойыл ағаштары өзінен ұшқыш заттар бөледі, ол заттар ауадағы зиянды микробтарды өлтіреді. Өсімдіктер жапырақтағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратындықтан елді мекендерді көгалдандырудың мəні зор.
Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, соның бірі – бөлме өсімдіктерінің сəндік мақсатта өсірілуі. Бөлме өсімдктері қысы-жазы жапырақтарын түсірмей, мəңгі жасыл болып тұратындықтан, ерекше сəн береді. Көптеген түрлері гүлдейді, мұның өзі адамға эстетикалық лəззат беріп, көңіл-күйіне ерекше жағымды əсер етеді. Олар күндіз көмірқышқыл газын сіңіріп, өздерінен оттегін бөліп шығарады да, бөлменің ауасын тазартады. Бөлме өсімдіктері бөлменің ауасын ылғалдандырады, кей түрлері өзінен зат бөлетіндіктен, ауадағы кейбір зиянды микробтарды өлтіреді.
Massaget.kz
06 наурыз 2018 ж. 7 906 0