Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қан сорғыш терек

Қан сорғыш терек



Ауғанстанда өзгеше қан соратын терек бар. Оның биіктігі екі метр, жуандығы 10см айналасында ғана. Теректің өн бойы толған түйіршік тектес. Қорқыныштысы жапырағына қол тиіп кетсе болды, дереу жабыстырып алып, қанын сорып, ақжемін шығарады екен. Кезінде Германия, Франция, Италия жабайы өсімдіктерді тексеру бірлескен отряды сол жерге барып, зерттеу жүргізеді. Солардың бірі осы ғажайып теректі көріп, таңдана жапырағын ұстайды. Сол-ақ екен, оның алақаны жапыраққа жабысады да қалады. Қалай бұлқынса да, қолын ажырата алмайды. Жапырақ оның қолын мұжып, қанын сора бастайды. Әріптесінің жанын алып қалу үшін, зерттеушілердің бастығы амалсыздан қолын шауып тастайды. Бұл оқиға өсімдік зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар әрі қалың, әрі мықты жасалған ерекше қолғап киіп, теректі ұстап, оның сырын шешпек болады. Ойламаған жерден ағаш жапырағы адам қолымен қоса, қолғапты жабыстырып алып, дереу тесіп жібереді. Олар қолғаптан қолдарын зорға шығарып үлгереді. Ал ағаш жапырағына жабысқан қолғаптың лезде дал-дұлы шыққанын көреді. Міне, бұл күні бүгінге дейін құпиясы ашылмаған сырлы ағаш.


02 қаңтар 2019 ж. 4 151 0