Тарих. Тағылым. Жаңғыру
Бажайлап қарасаңыз, бүгінде есі кірген естиярдан бастап, абыз ақсақалға дейін төрткүл дүниедегі адамзат жанталасып, ең озық амалдарына ұмтылып жатқанын көріп отыр. Әр ел шама-шарқы жеткенше жаңғыру үдерісі жолында өзіндік қалыбын, жарқын болмысын жоғалтып алмауға тырысады.
Иә, бұл жарқын болмысты да Елбасы Н.Назарбаев нақтылап, санамалап-саралап берді. Толғауы тоқсан тірліктің 10 бағытын ықшамдап, шынайы бет-бедерін айқындады. Сонымен қатар жаңа дүниеге қадымдаған сайын біздің оны қалай игеретініміз бен қабылдайтынымызды, қала берді ел келешектерін қалай тәрбиелейтінімізге дейін өзгеріске ұшырап жатқанын атап көрсетті.
Иә, бұл жарқын болмысты да Елбасы Н.Назарбаев нақтылап, санамалап-саралап берді. Толғауы тоқсан тірліктің 10 бағытын ықшамдап, шынайы бет-бедерін айқындады. Сонымен қатар жаңа дүниеге қадымдаған сайын біздің оны қалай игеретініміз бен қабылдайтынымызды, қала берді ел келешектерін қалай тәрбиелейтінімізге дейін өзгеріске ұшырап жатқанын атап көрсетті.
Жұмыр жердегі Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде біздің ұлттың қайта түлейтін, тың серпіліс жасайтын кезеңі туды. Ең алдымен қарапайым адамдарға деген қамқорлық басты назарға алынған. Айтар болсақ, зейнетақы жүйесі жаңғыруда. Осыған қатысты Елбасы «Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады» деген болатын. Зейнетақы, өтемақы мен жәрдемақы да еселеп артты, мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбегіне қарай жалақысы да өсті. Ауылдық елді мекендердегі сапалы ауыз су үшін Үкімет жыл сайын кем дегенде жүз миллиард теңге қарастыру қажеттігін атап айтты.
«Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық» делінген мақалада. Әрине, бұл аса маңызды фактор. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мазмұнды мақала жарық көргелі қазақ қоғамы айрықша бір серпіліс үстінде. Қазақ үшін аса құнды, қастерлі ана тілі, туған жер, туған тарих сықылды құндылықтарды қайта жаңғырту ісі басталып кетті. «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуы тиіс» деген ел Көшбасшысы ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту керектігін айтты. Себебі «Рухани жаңғырудың» мәні мен маңызы нақ осында.
Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлы тұлғасымен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен мақтанады. Өздеріңізге мәлім, Елбасы бағытын айқындап, мақсатын нақтылап берген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің Сыр өңірінде де жүйелі түрде жүзеге асуда. Киелі мекенде ұйымдастырылған әрі іске асқан әр жоба құр ұрандатуға емес, ұлттық өнерге, тарихи тағылымға, мәдениеттің мәйегіне мән беріле отырып, жасалған. Айталық, ЖОО-да арнайы рухани жаңғыруға байланысты кафедралар ашылып, пәндер енгізілді. Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның халықаралық мәдени мұра тізіміне қосылған. Әрине, отыз үш қаланың орны табылған өлкеде әлі де болсын ашылмаған сыр, айтылмаған құпия көп-ақ.
Төл тіліміздің тағдыры ұдайы Елбасының назарында. «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажеттігін» айта келе терминдерді аударудағы келеңсіздіктерді мысалдап, келешекте қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керектігін, латын әліпбиіне көшу айтылған мәселелерді ретке келтіруге мүмкіндік беретінін тілге тиек еткен болатын. Иә, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аты айтып тұрғандай болашаққа бағдар жасап, рухани тұрғыда жаңғыруымызға жағдай жасайды.
С.МАДИЯРОВА