Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге өздері тапсырыс бере алады

Мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге өздері тапсырыс бере алады

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарына (бұдан әрі – ТОҚ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы (aleumet.egov.kz) сайтына тапсырыс бере алады.
Мүгедектерді оңалтудың құралдарына протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло арбалары жатады. Сонымен қатар арнайы әлеуметтік қызметтер, жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлардың қызметтерін қамтиды.
Бүгінгі ТОҚ (техникалық оңалту құралдары) және жоғарыдағы қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Республика бойын­­­ша әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді.
Порталдың енгізілуі оңалту қызметтеріне қажеттілікті айқындайды. Ең бастысы, көрсетілетін қызметтер мен оңалту құралдарының қызмет алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді, себебі мүгедектер қажетті құралдар мен қызмет түрлерін өздері таңдай алады.
Порталды енгізу нәтижесінде ТОҚ және арнаулы әлеуметтік қызметтерді проактивті формат арқылы тағайындау бизнес-процестерінің мерзімі 1-2 аптаға дейін қысқарады. Мүгедектері бар азаматтардың ұсыныстарына сәйкес, техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің белгіленген бағаларын өтеу механизімі қарастырылған. Бұл қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау барысында порталда қосымша төлем жасау функциясы қолжетімді болатындығын білдіреді.
Сонымен қатар сертификаттары бар мамандар кеңінен қолжетімді болады, ал медициналық әлеуметтік мекемелерінің (бұдан әрі – МӘМ) бірыңғай тізілімінде барлық медициналық мекемелердің жабдықталуы мен жүктелуі ескеріледі.
Порталдың іске қосылуы оңалту құралдары мен қызметтері, үйден бір терезе арқылы уақытылы әлеуметтік көмек алу, өнім берушілер мен қызмет көрсетушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерге тең қолжетімділікті қамтамассыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырады және оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруда әлеуетті өнім берушілердің қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Осыған орай, аудан көлеміндегі барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ЭЦҚ кілттерін алып, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде және ауылдық округ әкімдігінде ұйымдастырылған өзін-өзі қызмет көрсету аймағына барып, арнайы қызметкерлермен аталған порталға кіруге және ТОҚ (техникалық оңалту құралдарын) және арнайы әлеуметтік қызметтерге өтініш бере алатындығын және кез келген сұрақтарға аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы толық ақпарат (4-28-02 телефоны) ала алатындығын хабарлаймыз.

Аудандық жұмыспен қамту
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі
27 қазан 2020 ж. 315 0