Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛДІГІҢДІ БІРЛІГІҢМЕН КӨРСЕТ

ЕЛДІГІҢДІ БІРЛІГІҢМЕН КӨРСЕТ

Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Бұл күнде ауыл тұрғындары, жастары, және сыртта жүрген түлектеріміз де жүректері елім деп еміренетін Жөлектік ағайындар бір ауыздан ауызбіршілік танытып, елдіктің ерен үлгісін көрсете білді.
Ауылымыздың түлегі, ел жанашыры, халық қалаулысы, Қызылорда қаласының құрметті құрылысшысы Тілеуберген Құдайбергенұлының демеушілігімен бой көтерген «Шүленбай молда» мешіті қазіргі таңда иманды жастардың ортасына айналғаны хақ. Ел болып жұмыла кіріскен бұл игі жақсы тірлікпен ауылымыздың ажары, Алланың үйі «Шүленбай молда» мешітінің айналасы, қоралары заманауи әрленіп, ауыл көркін келтіруде. Бүгінгі күні жалынды иманды жастарға оң бағыт-бағдар беретін ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, сөзі өтімді Калкөз Өтемұрат ауыл имамына алғысымыз шексіз. Елдің ынтымағы ауызбірлікте деп дана халқымыз айтқандай ауыл имамы Қалкөз Өтемұраттың жанына жалау болған ұйымдастырушылар: Мырзахан Ибатаев, Бейбіт Нұрманов, Әбен Сейлхан, Маход Тұрымбетов ағаларымыздың еңбектерін атап айта кеткеніміз абзал. Көп түкірсе көл демекші атымтай жаны жомарт жандар демеушілер: Әбдірахман Ибраев, Бердірахман Ибраев, Бегімтай Сатаев, Өмірбек Меңлібеков, Шүленбай молда келіні Жанар Тоқбаева, Әлжанов Әбдіғазиз, Қанат Сәулебеков, Бауыржан Абызбаев, Ерлан Тәшенов, Ербол Тоқбаев, Медғат Шәкірұлы, Асылхан Ибатаев, Мархабат Абызбаев, Марат Мыңбаев, Сайфурхан Егембергенов, Мақсат Әлтаевқа және өз қолдарындағы техникаларымен қол ұшын берген Серікбай Сариев, Талғат Сәулебеков, Нұрхан Аманұлы сынды азаматтарымыздың еңбектерімен берген садақаларына мың алғыс. Құрметті ауыл тұрғындары және ауыл жастары барлықтарыңызда қолдан келгенше қол ұшын беріп, онан қала бере дәнекерлеу және барлық қол жұмыстарына көмектесіп, ауыл жастары келіп жатсыздар. Оның барлығын ұйымдастырушы елдің азаматтары біледі. Алладан сансыз сауаппен қайтсын деп тілеймін. Елдігімізді теңдігімізбен, ендігімізді алдағы ауызбірлігімізбен көрсете білейік ағайын...

Бауырхан Смайлов,
зейнеткер, Жөлек ауылының тұрғыны
29 қыркүйек 2020 ж. 687 0