Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің басым бағыттарының бірі» деген болатын. Кез келген дамыған мемлекет үшін, әсіресе, өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлық өзекті мәселелердің бірі саналады. Өйткені, сыбайлас жемқорлық елдің әл-ауқатының өсуіне кері әсерін тигізіп, ұлттық мүддеге экономикалық қауіп төндіретіні сөзсіз. Басқа мемлекеттердегі сияқты бұл дерт біздің елде де ауқымды болып тұр.
Бүгінгі таңда «Әділдік жоқ жерде пара алу жүреді» деген сөз халық арасында белең алған. Егер сыбайлас жемқорлық жойылса, халықтың мол сенімі пайда болып, күдік те жойылар еді. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы ҚР Конституциясын, құқықтарын жетік біліп, жіті түсініп, абыройы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға тиісті. Сонда ғана сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Сондықтан оның алдын алып, қоғамнан жою, оның ұлғаюына жол бермеу халықтың өзінің қолында.

Арайлым НҰРМАНОВА,
Шиелі аудандық Қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашы
23 маусым 2020 ж. 717 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031