Әке жолы – ұлына мақтаныш
Қазіргі таңда бойында намысы мен жігері бар, өзінің қаны мен жанынан жаратылған, артындағы асыл ұрпақтарының алдында да қадір-қасиетін жоғалтпай жүрген қамқор әкелер жетерлік. Дегенмен қоғамда әке мен бала арасындағы байланыстың бәсеңдей түскен жайы байқалады. Әке тәрбиесі бала үшін әрқашан маңызды һәм баланың болашағына да негізгі бағдар болмақ.
Бірақ қоғамдағы әке мен бала қатынасының қаншалықты дәрежеде екенін анықтай қою қиын. Себебі, әрбір отбасында әкенің рөлі әрқалай. Алайда, әке мен бала арасындағы байланыстың беки түсуіне белгілі бір дәрежеде баланың да үлесінің бар екенін ұмытпау керек дер едік. Расында да, қазіргі кезде қажетті, қажетсіз ақпараттың бәрі де бала санасына ғаламтор арқылы сіңуде. Мектеп оқушыларының әрқайсында ұялы телефон бар. Мұнда ең бірінші мәселе бала өзіне қажетті ақпаратты түйсігімен түсіну арқылы қабылдау керек. Әке мен баланың арасындағы байланыстың да кері кетуіне мұның әсерінің болмай қоймасы анық.

Жалпы әке мен бала арасындағы байланыстың беки түсуіне ананың да қосатын үлесі аз емес. Мәселен, Құнанбай мен Абай арасындағы ғажап байланыс қара орман қазаққа мәлім. Құнанбайдай әкенің сыншылдығы мен қаталдығының өзінен балаға деген мейірім көрінеді. Ал жас Абай оқудан ауылына келгенде әуелі анасы Ұлжанға амандаспақ болғанда, Ұлжан ананың баласына әкесі Құнанбаймен бірінші амандасуы керектігін айтуы да өмірдің ұлы сабақтары болса керек. Бүгінгі таңда ұлтымыз үшін өзекті мәселенің бірі ұрпақтар сабақтастығының өзегін жоғалтпау болып отыр. Бұл арқылы ұрпақтың бойына тектіліктің тамыр тартатыны да шындық.
«Әкеге қарап ұл өсер» деген халықтың ұрпағымыз. Данышпан В.Сухомлинский «Әкелерге сөз» атты арнауында «Әке –дүние есігін ашып, алғашқы қадам жасап, өмір сүруге ұмтылған әр сәби үшін әрбір ер мен адамға өзінің биік жауапкершілігін сезіндіретін ең ыстық, аса қымбат тұлға. Әкелік – ұрпақтар сабақтастығының ұлы міндетін де терең сезіндіретін тұс. Сондықтан да әр әке ұлының алдындағы жауапкершілігі шегін дұрыс түсініп, оның тәртіпке мойынсұну тәрбиесін ұқтыра білгені жөн болмақ» деген сөздері барлық заманда көкейтесті көрінеді бізге. Ерлерге тән әрекеттерін тәрбиелеу, дүниеге көзқарасын қалыптастыру және әйел адамды құрметтеуді ұлдарына үйрету әкелердің міндеті. Ұл балаға үлкен тұлға ретінде қарап, талаптарын ашып, дамуына көмектесу – әкенің парызы. Ұлдардың тәрбиесіне осындай көзқарас болса, олардан дұрыс жолмен жүретін дербес, тәуелсіз ер өседі. Әкенің міндеті – бағыт пен кеңес беру. Бұйрықсыз берген ақыл-кеңестері қиындықтарды жеңіп шығуға көмектеседі. «Отағасы» деген атқа лайық ер-азаматтар отбасындағы әке мәртебесін төмен түсірмейді.
Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан. Бұрындары баласы 14-15 жасқа келгенде атқа мінгізіп, алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем беріп кел деп жіберетін дәстүрдің ұмыт қалғаны өкінішті. Біріншіден, баланы сынға салып, екіншіден, көпті көрген көнекөз, көкірегі қазыналы қарттардың әңгімесіне қанығудың берері мол еді.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ