Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ

Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ

Жазғы демалыста оқушылар өз уақытын қалай өткізетініне олардың ата-аналарының ықпалы өте зор. Себебі, ауылдық жерлерде мектеп жасындағы, яғни кәмелетке толмаған балаларды түрлі жұмысқа жегіп қойып жатқанын көріп те, біліп те жүрміз. Бұл ретте ата-аналар балалар еңбегі мен еңбек тәрбиесін шатастырып жатады. Мұнда еңбек тәрбиесі дегеніміз – үйде ата-анаға көмектесу, қоғамдық жұмысқа араласу. Балаларға мұндай еңбектен келетін қауіп жоқ. Керісінше, бұл баланы тәрбиелеудегі, болашақ өмірге бейімдеудегі негізгі құрал болып табылады.
Айтайын дегенім, бала еңбегін заңсыз пайдалану мәселесі біздің қоғамда әлі де болса өзекті болып отыр. Әрине, мұндай мәселе тек бізде ғана емес, басқа да елдерде белең алған. Ауыр жұмыс баланың дене дамуы мен психо-әлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіретіні бар.
Мұндай жас мөлшері сай емес, ауыр балалар еңбегіне негізінен әлеуметтік жағдайы төмен елдер мен тұрмыс деңгейі нашар отбасылардың немесе толық емес отбасылардың балалары барып жатады.Елімізде де әлеуметтік жағдайға байланыс­ты кейбір отбасылар баласының демалыс уақытын пайдаланып, өз нәпақаларын табу үшін заңсыз жұмысқа жегіп келеді. Мұның салдары біріншіден – баланың денсаулығына нұқсан келеді, екіншіден – болашақта білім алу құмарлықтарын нашарлатады, ал ол өз кезегінде оның кейіннен жұмысқа орналасуына әсер етеді. Бала еңбегіне қатысты еңбек заңына сүйенсек, 18 жасқа толмаған балаға жұмыс істеуге тыйым салынған. Олардың жас ерекшеліктеріне қарай күніне 2 жарым сағаттан 4 сағатқа дейін ғана еңбек етуге рұқсат етілген. Ал біздің елде қабырғасы қатаймаған жеткіншекке 12 сағаттан аса жұмыс істету деректері кездеседі. Бұл дегеніміз бала еңбегінің уақыт мөлшері сақтала бермейтінін көрсетеді. Елімізде балаларды көбінесе садақа сұрауға, мақта теруге, құрылыс жұмыстарына, сауда-саттыққа жұмсайды. Бұл өз кезегінде баланың құқығын шектеп, денсаулығына зиянын тигізеді. Сондықтан ерте бастан еңбекке араласу арқылы, олардың психикасы пен физиологиясына кері әсерін тигізетіні байқалады.
Осы жағдайларды негізге ала отырып, балалардың құқығын шектемеу, бала еңбегін қанауға жол бермеу керек екендігін, оның салдары жақсылыққа алып бармайтынын әрбір ата-ана сезінуі тиіс. Баласының өмірі әсіресе, жазғы демалыста өз қолында екенін білуі керек. Әрине, бұл бағытта мемлекет тарапынан да жұмыстар жүргізіліп келеді. Әсіресе, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін жедел қорғау мақсатында құрылған мобильдік топтар жеткіншектердің еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында түрлі шараларды қолға алып жатыр.Қысқасы, баланың дене бітімі, ақыл-ойы дұрыс қалыптасуы жеке отбасы үшін де, еліміз үшін де маңызды екенін естен шығармағанымыз жөн.

Жұлдызай Ноғайбайқызы
14 маусым 2020 ж. 1 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930