Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рәміздерім – мақтанышым

Рәміздерім – мақтанышым

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Еліміздің азаматтарының рәміздерге деген қарым-қатынасы, олардың қаншалықты деңгейде өздерін осы елдің азаматы санайтындықтарының және болашаққа сенімінің,отансүйгіштіктің көрсеткіші іспеттес. Мемлекеттік рәміздерімізге шетелдік мамандар жоғары баға берген, онымен қатар әлемдік каталогқа енген. Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер егіз ұғым. Жас мемлекеттің жас астанасында және бүкіл республика аумағындағы елдің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр. Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады. Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Халқымыз өз ата-мекенін, Отанын, өз халқы, өз тілі, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да оған тәрбиелеп баулыған.

Жанат Кенебекова,
«Қызылорда облыстық архиві»
КММ-нің
Шиелі аудандық филиалының архивисті
30 мамыр 2020 ж. 2 824 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930