Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғыс ардагері ұмытылмайды

Соғыс ардагері ұмытылмайды

Қазақстан халқы фашистік Германияны күйрете талқандауға зор үлес қосты. Еліміз майданға оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізумен айналысып, талай тауқымет көтерген аймақтардың біріне айналды. Республиканың экономикасы әскери қажеттілікті өтеуге бағытталды. Қазақстан жауынгерлері барлық майданда ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Сол майдангерлердің бірі –Бидайкөл ауылының тұрғыны болған Ремет Балтеев.
1913 жылы дүниеге келген аяулы көкеміз 1940 жылы 27 жасында Кеңес әскері қатарына алынды. Әскер жолы Түрікменстан аумағында Ауған жерімен шекаралас жатқан Кушка қаласында атты әскер тобында өтеді. 1942 жылы қаңтар айында 500 атты әскер жасақталып, Мәскеу жеріне Панфилов дивизиясына эшалонмен аттандырылады. Майданда аттарды орман ішінде қалың қармен журуге дайындықтан өткізіп Панфилов армиясында Волокалам жолында Мәскеуді қорғау шайқасына қатысады. Сол жылы осы шайқаста «Батырлығы үшін» медалімен марапатталады. 1943 жылы жаз айында жау тылынан тіл алып келуге арнайы жасақталған ерекше барлау «Дауыл» (орысша СМЕРШ деп аталады) тобына бөлім командирі, гвардия аға сержанты болып тағайындалады. Қарамағындағы әр ұлттан жасақталған барлау тобымен жау тылынан неміс жоғарғы шендегі офицерлерді бері қарай алып келуді қамтамасыз етеді. Ремет Балтеевтың бойы ұзын, Кушкада әскер қатарында жүріп жүгіруден алдына жан салмаған көрінеді. Тіпті өзіне бекітілген «Буян» атты атымен шекарашылар күнінде алаңда жарысқанын айтып отыратын. Ерекше барлау тобында жүріп жасаған ерлігі үшін 1944 жылы «Қызыл жұлдыз ковалері» орденімен марапатталған. Сол жылы күзде ауыр жарақат алған өзінің командирін жау тылында арқалап келе жатып минаға жарылып, оң аяғынан айырылады. Көп ұзамай әскерге алынған жері Ташкент әскери аймақты госпиталынан соғысқа жарамсыз деп бірінші группадағы мүгедектікпен елге оралады. Соғыстан келген соң еңбек жолына араласып, тың көтеруде еңбектенеді. Ол кезде Гигант колхозы болып аталатын, Поволже аймағынан жер аударылып келген кәріс халқымен бірлесіп егін алқабында өмірінің соңына дейін енбек етті. 1972 жылы 29 мамырда көлік апатынан 59 жасында қайтыс болды.
Ол кісінің мүгедек болып ауылға оралғаннан кейінгі жылдардағы ерен еңбектерін біз көзімізбен көрдік. Ол кісі осы ауылдың шаруашылығының көркейіп өсуіне көп еңбек етті. Ауылдың көктемде ағаш отырғызу, арық қазу сияқты жұмыстарын ұйымдастыратын. Той-томалақты, өлім-жітімді атқаратын кезде барлық ұйымдастыру жұмыстарын басқаратын.
Ол кісінің қажырлы еңбегі лайықты бағаланып, бірнеше құрметті марапаттарға ие болды. Бірақ өз басы соның бәрін Алла тағала берген тағдырдың ерекше тартуы деп санады. Ол кісіден екі ұл, бес қыз тәрбиеленіп өсті. Қазіргі кезде осы әулетте 20 немере, 13 шөбере өсіп жатыр. Рекеңнің өткен өмірі кейінгіге сабақ.
Қорыта айтқанда, жеңістің 75 жылдығына орайлас бұл кісінің атына өзі тұрған ауылдан бір көше атауы берілсе, үлкен құрмет болар еді.

С.Жүндібаев,
Бидайкөл ауылының еңбек ардагері

26 мамыр 2020 ж. 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

№45 (9312)

21 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031