Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Саусақ сүйегін сықырлату зиян ба?

Саусақ сүйегін сықырлату зиян ба?

Саусақ сүйегінің сықырлауы — нағыз «холиварлар» (өз ойын өзгерткісі келмейтін бір-бірімен келіспейтін адамдар) және ғалымдар арасында дау туғызатын сұрақтардың бірі. Буынды майландыратын сұйықтық қысымы дереу көтеріліп кетсе, сүйек сықырлайтыны белгілі. Бірақ қалай және зиянды ма деген сұрақтар туады. Бұл сұрақтарға әзірге ешкім толықтай жауап бере алмайды. 2015 жылдың ақпан айында МРТ (магниттік-резонанстық томография) көмегімен жүргізілген тәжірибеде сықырлаған дыбыс синовиалық сұйықтықтағы газға толы көпіршіктер арқылы шығатыны анықталды. Бірақ бұл нақты жауап емес. Мұндай дыбыстар көпіршіктердің пайда болуынан да, ыдырауынан да шығады деген тұжырым бұрыннан бар. Ультрадыбыс бұл процестерді нақтырақ көре алады, сондықтан Роберт Бутин осы сұрақ бойынша әріптестерімен бірге тәжірибе жүргізген. Зерттеушілер өз еркімен қатысқысы келген 40 адамды таңдап алады. Оның барлығы саусақ сүйектерін сықырлатып отырады. Ал зерттеушілер ультрадыбыс көмегімен бақылайды. Ол 400-ге жуық сықырды анықтайды. Зерттеушілер күтпеген жағдайға куәгер болды. «Бұлар жарық жарқылдар. Буындарда отшашу болып жатқандай», - дейді Роберт Бутин. Дыбысты синовиалық сұйықтықтағы көпіршіктер тудыратынына зерттеушілер күмән келтірмейді. Алайда дыбыстар (және бақылауда көрген жарқылдар) көпіршіктердің пайда болуынан және ыдырауынан шығуы мүмкін. «Бұл қиын сұрақ. Біздің бақылауымызда жарқылды дыбыс шыққан соң ғана көргенімді айта аламын. Осыдан дыбыс көпіршіктің ыдырауынан емес, пайда болуынан ғана шығады деген тұжырымдама дұрыс деп ойлаймын», - деді Бутин. Ғалымдар бұл әдеттің ешқандай аурумен байланысы жоқ екенін айтты. Керісінше, саусақ сықырлатудың жағымды жағы болуы мүмкін. Бутиннің айтуы бойынша, сықырлағаннан кейін буындар жаңа еркіндік деңгейіне ие болады екен.

12 шілде 2020 ж. 690 0