Шиелі ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарына түсіндірме - жазба.
Шиелі ауданы ауыл шаруашылығына негізделген, соңғы уақытта мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Еліміздің азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін орындауда мал шаруашылығын дамыту айрықша орын алатын болса, оның негізі – табиғи жайылымдарды тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.
Аудан аймағы климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық әрі қуаң, аңызақты келеді. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы — 9–13°С, шілдеде + 27–29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 100–150 мм.Топырағы солтүстігінде сұр, құмайтты сұр, тақыр және тақыр тәрізді топырақ, орталық бөлігінде құмайтты сұр, бозғылт сұр, Сырдария аңғары мен жайылмасында шалғынды топырақ және шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан.
Жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану, жайылымның тозуын болдырмай, жақсарту шараларын жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндет.
Осыған орай, Шиелі ауданы әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде ауылдық округтер, шаруа қожалықтары жалпы аудан аумағындағы төрт түлік мал басының жайылымдық жерлермен қамтылу жағдайына талдау жүргізілді.
2020 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 60775 бас мүйізді ірі қара, 80767 бас уақ мал, 16115 бас жылқы, 1344 бас түйе, 27595 бас құс өсірілуде.
Шиелі ауданы Қызылорда облысының оңтүстігінде Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Ауданның жер бедері, негізінен, жазық дала. Солтүстік шығысында Қаратау жотасының қиыр солтүстік-батыс бөлігінен, оңтүстік батысында Қызылқұм құмды алқабы аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр.
Ауданның шалғайдағы мал жайылымдықтары негізінен үш алқапқа (массивке) бөлінеді: Қаратау алқабы, Қызылқұм алқабы, Сарысу өзені алқабы.
Шиелі ауданы 22 ауылдық округ және 1 кент аумағының жерінен құралған.
Ауданның барлық жерінің жер санаттары бойынша бөліну есебі
Р/сЖер санаттарыБарлығы гектарОның ішінде
жайылымСуармалы
1Барлық ауыл шаруашылығындағы пайдаланудағы жерлер22212617723128897
2Елді мекеннің жерлері 61614393871827
3Өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттары жерлер 127944218322
4 Орман қорының жері166357725311138
5Су қорының жері1854755515
6Мемлекеттік қордағы жерлер1261097964022144
Барлығы3239755121572031333
Шиелі ауданының жайылымдық жерлері сумен толығымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар ауданның негізгі су артериясы Сырдария өзені болып табылады. Сырдария өзені негізінен ауданның орталығынан ағады, оңтүстік шығыстан – солтүстік батысқа дейінгі көптеген тармақтары мен салалары бар. Мал өсірумен айналысатын шаруашылықтардың қырық пайызы Сырдария өзенін бойлай орналасқан.
Шиелі ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған жоспарда
1) Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);
2) Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;
3) Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
4) Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы;
5) Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемалары қарастырылған.