Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күніне 300-ге жуық қоңырауға жауап беремін – Egov.kz операторы

Күніне 300-ге жуық қоңырауға жауап беремін – Egov.kz операторы

BAQ.KZ. Call-орталық операторлары қоңыраудың көп болуына байланысты демалыс күндері де жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласы Алатау ауданының №1 ХҚКО-да телефон арқылы кеңес беретін оператордың бірі - Құралай Өмірова қазір үйден жұмыс істеп жатқанын айтады.

Таңғы сағат 9.00-де басталған жұмыс кешкі 18.30-ға дейін жалғасады. Күніне 250-300 қоңырауға жауап беремін. Кеңес алуға қоңырау шалатындар, туу туралы куәлік алу, бала тууына байланысты жәрдемақылар, онлайн ЭЦҚ алу, жеке куәлік алу, уақытша және тұрақты тіркеу, емханаға бекіту туралы, сондай-ақ қайтыс болу туралы куәлікті қалай алу, жерлеуге арналған құжаттарды, техникалық паспорт, жер учаскесінің мемлекеттік актісі, жеке кәсіпкерлікті "қалай ашуға" болады және тағы басқа сұрақтарды жиі қояды, - дейді ол.

Сонымен қатар, ол үйде жұмыс істеу қолайлы болмаса да қазіргі жағдай соны талап етіп отырғанын айтады.

Арасында үйде отырған екі балама да көңіл бөлемін. Бәрі уақытша қиындықтар. Қазақстан халқы бұл қиындықты да еңсеретініне сенемін. Ең бастысы – бірлігіміз жоғалмасын, - дейді Құралай Өмірова.

Естеріңізге сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ құрған Call-орталықтарда 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін 2366 ХҚКО қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 607-і үйден ұялы телефондар арқылы кеңес береді, 769 қызметкер бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды бейне идентификациялау үшін тартылған.

Алматы қаласы бойынша 110 қызметкер 1414 телефоны арқылы кеңес беретін орталыққа тартылған. Оның 50-і үйден ұялы телефон арқылы кеңес береді, 40 қызметкер бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды бейнеидентификациялау үшін тартылған.
06 сәуір 2020 ж. 408 0