ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОНЛАЙН ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ!

Дегенмен, бекітілген кестеге сәйкес Департамент басшылығымен азаматтарды «онлайн» қабылдауды ұйымдастыру қарастырылған. Бұл үшін Департамент кеңсесіне 8 (7242) 23-05-44 нөміріне хабарласу қажет.
Сонымен қатар, барлық азаматтар үшін «е-gov» электрондық үкіметі арқылы, сондай-ақ «ҚазПочта» АҚ қызметтері арқылы өтініштерді беру мүмкіндігі сақталатынын атап өтеміз.
Қағаздағы өтініштерді қабылдау үшін Департаменттің кезекші бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде арнайы жәшік орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда, 8 (7242) 23-06-90 нөмірі арқылы Департаменттің жауапты қызметкерлерімен хабарласа аласыздар.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Callорталығына хабарлай алады. Callорталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.