Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүретін едің асықпай

Жүретін едің асықпай


Жаны жайсаң жан едің аға жаным,
Ықыласына бөлендің талай жанның.
Сыр бойының саңлағы өзіңізді,
Шыңы биік Алатауға бағаладым.
Менмендіктен қашықтай,
Еттің еңбек жалықпай.
Ойлы жүзбен үнемі,
Жүретін едің асықпай.
Маржанын теріп білімнің,
Еліңе еңбек сіңірдің.
Білікті басшы атанып,
Жұлдызы болдың өңірдің.
Шоқайдың қола мүсінін,
Қоюға әкеп ауданға.
Талайдың қағып есігін,
Орнаттың үлкен алаңға.
“Оқшы ата” кешенін ашуда,
Белсене жүрдің басында.
Жөнделген жолмен жүргендер,
Жаудырып алғыс айтуда.
Арқалап жүгін ауданның,
Ұятқа ешбір қалмадың.
Адал да болып еліңе,
Жұмыстан ешбір талмадың.
Аталғалы жатыр ауданда,
Сексенге келген тойыңыз.
Аллаһ қолдап, жан аға,
Жәннатта болсын жайыңыз.

Шерәлі Үркімбаев,
зейнеткер-ұстаз
03 наурыз 2020 ж. 818 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031