Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нартайдың сырнайы едің Сырда қалған

Нартайдың сырнайы едің Сырда қалған


Оу, менің Кұрманбегім, Құрмаш ағам!
Фәниді мәңгі мекен қылмас адам.
Бақиға пәрменіңмен кеткен құлға,
Жәннәттан жай бергейсің о, Жасаған!
Оу, менің, Құрманбегім, Құрман ағам!
Өзіңнен өзгеше еді тыңдаған ән.
«Құрманбек қайтты» деген хабарды естіп,
Көзімнің жасы мынау сорғалаған!
Оу, менің Құрманбегім, Құрман ағам!
Нартайдың сырнайы едің Сырда қалған.
Нартайдың сазын салар сәнін бұзбай,
Өзіңдей ер табам ба бұл даладан?!
Ой, менің Құрманбегім, Құлагерім!
Тар жерде талай кеңес сұрап едім.
Айырылып арда туған азаматтан,
Аңырап тұрған жоқ па мынау елің!
Ой, менің Құрман ағам, құба нарым!
Құба нар, құдайлық іс, құлағаның!
Болмаса, артқан жүгің – ата мүлкі,
Белгілі орыны едің бұл араның.
Сен барда тұрды Нартай аласармай,
Жақсыға жұғымды ұрпақ жарасардай.
Құт болсын ұлдарыңның кеудесіне,
Өзіңнен қалған анау қара сырнай!

Марат Сүгірбай.
09 қаңтар 2019 ж. 1 777 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930