Меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті(бұдан әрі-Департамент)«Protecting bussines and investments» жобасы аясында 2019 жылы инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған инвесторлардың жалпы құны 554,1 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба сүйемелдеуге алды.
Жоба аясында есепті мерзімде фронт офиске инвесторлар мен кәсіпкерлерден 53 өтінішкеліп түсті. Осы өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды. Оларды қарау нәтижесімен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіріп, кедергі жасағаны үшін 6 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 1 лауазымды тұлға әкімшілік және1 тұлға қылмыстық жауапкершіліктерге тартылды.
«Protecting bussines and investments» жобасы аясында2020 жылғы 27 ақпанда «Antikor» сервистік орталығында Департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжаң Ниязов жобалық құны 169 млн теңге болатын «МТС АС Агро» жауапкершілігі шекетеулі серіктестігінің генералды директоры Жанұзақ Баймановпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісімене және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментіинвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған19 (6 шетелдік және 12 отандық жоба)мемарандумға қол қойылған.