Ақындары бұлбұлдайын сайраған
№ 219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі «коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» кітапханасында қаңтар айының 31-і күні «Нағыз қазақ – домбыра» тақырыбындағы жас ақындар айтысы өтті.
Шараның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, айтыс өнерін насихаттау арқылы өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу. Айтыста суырып салма ақындар қоғамдағы мәселелерді тілге тиек етіп, түйткілді тақырыптарды қозғай білді. «Ақындары бұлбұлдайын сайраған жер» деумен өткен бұл айтыста өз сыныптарының намысын қорғап, жыр бәйгесіне түскен ақындар өзара хас жүйрікті анықтауда барын салды. Айтысқа қатысқан 4 жұп белгіленген тақырып аясында бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауап қайырғандар көрерменнің көңілінен шықты. Нәтижесінде бас жүлдені 6 «Б» сынып оқушысы Жания Еркебұланқызы, бірінші орынды 5 «А» сынып оқушысы Ақжол Құрманғалиев, екінші орынды 7 «Б» сынып оқушысы Дильназ Қайранова, үшінші орынды 6 «А» сынып оқушысы Аңсар Мельсов иеленді. Қалған қатысушы жас айтыскерлеріміздің өнерлері көрермен көзайымы және басқа да түрлі номинациялармен бағаланды.
Айтысты қорытындылап, сөз сөйлеген қазылар алқасы жақсы ұсыныстар айтты. Енді жыл сайын жыр мүшәйрасы ұйымдастырылмақ.
Ж. Құлахметова,
№219 Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің кітапхана меңгерушісі