Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өмір бойы денсаулығыңызды жақсы күйде сақтап қалудың жолдары айтылды

Өмір бойы денсаулығыңызды жақсы күйде сақтап қалудың жолдары айтылды

Мичиган университетінің (АҚШ) ғалымдары ақыл-ой қабілетін өмір бойы сақтап қалу үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жағымды көзқарастағы адаммен ортақ өмір сүру Альцгеймер ауруына шалдығу қаупін азайтып қана қоймай, сонымен қатар деменция және когнитивтік қабілеттің бұзылуын тоқтатады.
Зерттеушілер сегіз жыл бойы 4500 ерлі-зайыптыларды бақылап, нәтижесінде оптимисті көзқарастағы адаммен некеде тұру ақыл-ой қабілетінің нашарлау қаупін азайтатындығын растап отыр. Ондай жұбай салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға, белсенді болуға итермелеп отырады екен. Дегенмен оптимистік мінез тұқым қуалау арқылы беріледі деседі. Алайда оны өсе келе үйренуге де болады. Осылайша, оптимистік көзқарастағы адамның ықпалында болу кез-келген адамның түбегейлі түрде жақсы жаққа өзгеруіне себебін тигізеді екен. 

https://stan.kz
12 ақпан 2020 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031