Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі хақында

— қазақ тілінің фонетикасы қате теориялық түсінік бойынша оқытылды;
— и, у дыбыстары біресе дауысты, біресе дауыссыз деген қате тұжырым пайда болды;
— кірме сөздер мен терминдер тіліміздің басты заңы – сингармонизмге бағындырылмады, таза орыс тілінің дыбыстық заңы бойынша айтылды;
— қазақы акцент жоғала бастады;
— жуан және жіңішкелік белгі бойынша сөйлеу қалыптаса бастады, мәселен, Асель, халің қалай? (Әсел, қалың қалай?)
— сөзде екі дауысты дыбыс қатар жазылатын орфограмма енгізілді, мысалы, киім, киік, тиын, қиын, жиын, суық, буын т.б.;
— ерін үндестігі есепке алынбады, мектеп бағдарламасына енгізілмеді;
— қазақ тілінде дыбыс «сингема» емес, «фонема» деген тұжырым енгізілді;
— орфографиялық сөздікте фонетикалық ұстаным басты болмады, орфографияда ала-құлалықтар пайда болды;
— сөйлеуде орфоэпиялық норма басты болмай, орфографиялық норма басты болды; емле саласында күрделі қиындықтар пайда болды.
Бұл еңбектердің барлығы латын әліпбиіне көшудің кезек күттірмейтін мәселе екендігін көрсетеді.Бүгінгі таңда біз тіл тазалығына мән беруміз керек. Латын әліпбиіне көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтап қаламыз. Қазақ тілін латын әліпбиімен оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді.Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Өйткені әлемде қолданушылары мол латын графикасы арқылы қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылады.Түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Латын харпі арқылы біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Жалпы, латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туған тіліміздің дамуы үшін өте қажет. Ең бастысы, ата-бабамыздан аманат боп қалған ана тіліміздің тазалығын, әуезділігін сақтау, келесі ұрпаққа саф, таза қалпында жеткізіу- бүгінгі қазақтың борышы екенін әрқайсымыз терең ұғынуымыз керек.
Гүлмира Байдарбекова,
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі