Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз келбетінің жаңғыру айнасы

Ұстаз келбетінің жаңғыру айнасы

Бүгінгі жаһандану дәуірінде жас ұрпаққа білім беру – жаңа ізденіс, тың жаңалықтар мен заман сұранысына сай көзқарас арқылы жүзеге асыруды талап етіп отыр.

Ақпарат алмасу, интеллектуалды өнімдер мен идеялар күн санап белсенді түрде үдей түскен шақта жас ұрпаққа білім беру жауапкершілігі де арта түсуде. Аудан көлемінде ұстаздардың ізденіспен жұмыс істеп, шығармашылығын шыңдауға, инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Қажет кезінде біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылып, өзара тәжірибе алмасу, тіпті өзге облыстарға білім шыңдауға мүмкіндік мол.
Соның дәлеліндей жуырда ғана аудандағы кешкі мектеп ұстаздары Мөлдір Еркімбекова мен Жанар Алдабергенова ­Шымкент қаласында болып, «Legrand» біліктілікті арттыру орталығының «Жаңартылған білім мазмұнын игеруде тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы тұлғасын қалыптастыру» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған республикалық форумға қатысып, білімдерін жетілдіріп келді. Форум аясында республика бойынша білікті, тәжірибелі зерттеуші ұстаздар шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ қос мұғалім «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» республикалық журналы жанынан ұйымдастырылған «Білім беруді жаңғырту – бүгінгі негізгі тенденция» тақырыбындағы семинарға қатысып, «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Шындығында осындай жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген ұстаз үлгісінде болу болашақ ұрпақ тұлғасының кемел келешегіне жол ашатындығы сөзсіз.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ


21 қаңтар 2020 ж. 547 0