Ұстаздардың асуы

Бұған барлық жерде өткізіліп жатқан семинар-тренингтер мен конференциялар, тәжірибе алмасулар дәлел. Солардың бірі жақында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері: заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелер» тақырыбымен облыс орталығында өткізілді. Қазақстан педогогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ұйымдастырған халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Гүлмира Баялиева және облыстық ағылшын тілі мұғалімдері ассосациясының вице-президенті Ләззат Фазылова арнайы қатысты. Конференцияда тақырыпқа сай ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, жас мамандардың баяндамалары тыңдалды.
Жас мұғалімдердің білімі мен шығармашылығын шыңдауды мақсат еткен жиынға аудандағы жалпы білім беретін кешкі мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Аяна Қайранбекова мен Жанар Торғаева және биология пәнінің оқытушысы Жанар Ерубаева қатысып, үздік баяндама жасағандары үшін дипломдармен марапатталды. «Қазақ тілінің рухани жаңғыруы мен мәртебесін көтеруді көздейтін мұндай конференциялардың біз секілді жас мамандарға берері мол. Осындай заманауи білім берудегі инновациялар мен әдістемелерге байланысты педагогикалық оқуларға бағыт-бағдар беріп отырған аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Сейілхановқа алғысымыз зор», – дейді ұстаздар.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ.