Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫ МҰРАЖАЙҒА АЙНАЛАДЫ

САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫ МҰРАЖАЙҒА АЙНАЛАДЫ


Сарайшық қаласындағы жұмыстар Атырау облысы әкімдігі бөлген қаржыға және облыс әкімі Н.Ноғаевтың бастауымен жүргізілуде.
Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Сарайшық қаласын мұражайға айналдыру жұмыстары барысымен таныстырды. Бұл туралы министр facebook парақшасында жазды.
«Достарым, сіздерге Сарайшық қаласының орнын сақтау және мұражайға айналдыру жұмыстары барысымен таныстырғым келіп отыр. Естеріңізге сала кетсем, қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым қашықтықта, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан теңдесі жоқ көне қорық-мұражайды сақтау шараларын белсенді түрде қолға алғанбыз. Зерттеу және жүргізілетін жұмыс нысаны–өзен суы шайып жатқан қаланың мәдени қабаттары орналасқан Жайық өзенінің жағалауы.

Жобалық-сметалық құжаттар 2015 жылы жасалып, одан кейінгі жылдары №3 археологиялық қазбаны сақтап қою және №5 қазбаның үстіне қалқан құру жұмыстары жүргізілді.
2016 жылдың аяғында мұнда қаланың мәдени қабаттары бар жағалауды су тасқынынан қорғау мақсатында дамба салу жұмыстары басталған болатын.
2017 жылы Жайық өзенінің жағалары бекітіліп, Атырау облысында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау аймағы айқындалды, тарихи-мәдени мұра нысандарын іздестіру үшін дала экспедициялары ұйымдастырылды, Сарайшық қаласының айналасын қоршау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттар дайындалды, т.б. Сарайшық қаласындағы жұмыстар Атырау облысы әкімдігі бөлген қаржыға және облыс әкімі Н.Ноғаевтың бастауымен жүргізілуде.
Жұмысты орындаушылар ретінде Ресей Федерациясынан, Астана, Алматы, Орал қалаларынан ғалымдар мен мамандар шақырылды. Сарайшық ескерткішіндегі ғылыми және қайта жаңғырту жұмыстары жалғаса береді, бұл– ашық аспан астында мұражай жасауға мүмкіндік туғызады.
Биыл №5 қазбада сақтап қою жұмыстарын орындап, маңайын абаттандыру жоспарланып отыр.
Бұл жұмыстар бізге жеткен ескерткіштің тарихи бейнесін барынша сақтап қалуға бағытталған. Болашақта Сарайшық қазақстандық мемлекеттік және халықаралық туристік маршруттар жүйесіне қосылып, дамып келе жатқан туристік инфрақұрылымының ерекше торабы болатыны сөзсіз», – деп жазады министр.
Еркін ҚАЛДАН
24 ақпан 2018 ж. 1 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930