Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзекті мәселелер ескерілді

Өзекті мәселелер ескерілді

28 желтоқсан күні аудан әкімдігінде азаматтық кодексте көрсетілген кейбір баптарды жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне дұрыс түсіндіру мақсатында семинар өтті.

Жиынға аудан әкімі Ә.Оразбекұлы, аудан прокурорының көмекшісі С.Орынбасар, кент әкімі Ғ.Аманжолов, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы мен аудандық мәслихаттың қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
Семинар барысында сот төрағасы М.Күздеубаев қатысушыларға Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 244-бабында көрсетілгендей, аудан бойынша өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы азаматтық істерін қарау кезіндегі туындайтын өзекті мәселелерді атап айтты. Сондай-ақ жиында кент әкімі Ғ.Аманжоловтың тарапынан орын алған кемшіліктерге ескерту жасалды.
Сонымен қатар сот төрағасы жер теліміне қатысты құзырлы органдардың қызметтерін жандандырып, өз бетімен салынған ғимараттарға мониторинг жасап, нәтижелі шараларды жүргізуді тапсырды.
Семинар барысында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Меңлібеков және тағы басқа бөлім басшылары көкейдегі сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Г.ЯХИЯ


06 қаңтар 2020 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930