Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ашық сот отырысы өтті

Ашық сот отырысы өтті

Өткен жылдың қорытындысында аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 90 азамат тіркелген. Яғни олар қоғамнан оқшаулаусыз жазаланушылар. Аталған бөлім басшысы Қайрат Байкенжеевтің айтуынша, азаматтардың арасында есепте тұрғанымен қоймай, қоғамдық тәртіпті бұзып, тіркеуге шақырғанда келмейтіндері де бар екен. Енді ондайларға заң қатал болмақ. Тәртіпке бағынғысы келмесе, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Желтоқсан айының соңында осыған байланысты аудандық сот төрағасы М.Күздеубаевтың төрағалығымен ашық сот отырысы өтті. Онда қоғамдық тәртіпті бұзған, пробация қызметі бөлімінің есебінде тіркелген Б.М. есімді азаматқа қатысты іс қозғалған еді. Нәтижесінде айыпталушының шектеу жазасы өтелмеген уақытын (1 жыл 8 ай 2 күн) бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы шешім шығарылды.
Сот отырысынан соң аудан прокуроры Н.Дүйсенбаев есепте тұрған сотталушыларға сот жүйесінің міндеттері мен қылмыстық атқару кодексінде көзделген заң талаптарын бұзбауға шақырып, кеңес өткізді.

«Өскен өңір» ақпарат

07 қаңтар 2020 ж. 1 510 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930