Қоршаған ортаны қорғау – басты мақсатымыз
Шиеліні білгің келсе, азамат,
Бұл өңірде дала – жеміс, қала – бақ.
Жатыр Сыр мен Қаратаудың арасын,
Шәрбат жүзім жапырағы он орап.
Шиеліні білем десең, келіп көр,
Даласы – қой, тауы толған еліктер.
Дариясы ағып жатқан сүт болып,
Еңбегімен ерте оянған, көрікті ел.
Жергілікті ақын Қанапия Дәрібаевтың осы өлең жолдарындағы кешегі Шиелінің экологиялық жағдайы айтпаса да түсінікті сияқты. Дала толған жемісі, бау-бақшасы, дария мен Қаратаудың арасындағы сыңсыған ну тоғайы, тауда жосыған ерке еліктері көзге елестейді.
Қазіргі ауданда қарқынды дамып келе жатқан өндіріс орындары аудан халқының әлеуметтік жағдайын біршама жақсартты. Жұмыс орындары ашылып, жастар жұмыспен қамтамасыз етілуде. Десек те, сол өндіріс орындары қоршаған ортаға кері әсерін тигізбей қоймайды.
Осы орайда табиғаттың тепе-теңдігін бұзбай сақтасақ, экологиялық жағдайды қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік болады. Қалыпты экологиялық жағдай дегеніміз – ауаның ластанбауы, судың тазалығы, тіршілік етіп жатқан мекеніміздің өмір сүруге қолайлы болуы, соның ішінде табиғат байлығын көздің қарашығындай сақтай білу. Осыны әрбір азамат естен шығармағаны дұрыс. Ең маңыздысы — табиғи ресурстарымызды ретімен пайдаланып, сақтай білу.
Айзат Бағдатова,
Халықаралық Қазақ-түрік университетінің
3-курс студенті
Халықаралық Қазақ-түрік университетінің
3-курс студенті