Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпақ бұзылса ұлт та жойылады!

Ұрпақ бұзылса ұлт та жойылады!

(егіз тақырып)
Иә, зияны не? Ең басты сұрақ осы!
Оның зияны ең әуелі ұрпаққа тиеді, ұрпақ бұзылады! Ұрпақ бұзылса ұлттан не қалады!  Міне, сондықтан оны, дана қазақ жалғыз ауыз сөзбен айтып кеткен: «Ойнастан туған оңбайды» деген. «Оңбайды» деген не деген сөз? Яғни, некесіз, заңды жұбайлық жолмен емес, жолдан туған – жыныстық нәпсі қандыру үшін пайа болған ұрпақ опасыз болады дегені.
Опасыздықтың ең үлкені Отанға опасыздық. Отанын қорғаудан қашқандар, отанның байлығын бөтенге сатқандар, отаншыл азаматтарды атқандар... Міне, осындай «ойнастың ұрпақтарын» яғни ойнастан туғандарды қазақтар «шата», «көрдемше» деп атаған. Өйткені, ондайларда мейірім, кісілік, кішілік, кеңпейілдік болмайды. Өз отбасын өздері ойрандап кететіндер, ата-анасын далаға қалдыратындар осы ойнастың тұқымдары.
Онда, ойнас көбейген ел оңа ма? Оңбайды, әрине! Сол үшін бізге дейін (советтік кезеңге) мұсылмандықтың кемел шыңына жеткен дана қазақ ұрпақ тазалығы үшін керемет заң-дәстүрлер қалыптастырып кеткен. Оны кейінгі бізге аманат еткен.
Бірақ, амал не, «қызыл төңкерістің» қызыл өрті осы асыл дәстүрді өрт тиген ормандай етіп ұйпап кетті. «Әйел теңдігі» дейтін шырпымен өрт қойып, бәрін бүлдірді. Жетпіс жыл бойы «ойнастық» дәурен құрды. Солайша, «Советтік дәуірде» санын біз білмейтін тексіз ұрпақ қалыптасты. Осы кезеңде қазақ деген ұлтқа қанша көп қастандық жасалса көбі солардың қолымен жасалды деп, білуіміз керек.
Ал, еліміз тәуелсіздік алды, деп алақайлап жүргенде әлгі тексіз ұрпақ «азаматтық неке» дейтін тағы бір сұмдық қитұрқы шығарып келді. Ендігі, ойнастан туған ұрпақтың қазір солардан тарап жатқаны жасырын емес.
Және, ойнастан яки зинадан біткен шарананы «көшеге қалдыру», «қоқысқа тастау» дейтін көргенсіз көріністер  осы зинаның  көп зиянының ең сұмдығы!
Ендігі сұрақ, мұндай ұлтымызға жасалып жатқан жасырын жауыздықты қалай тоқтатамызға келіп тіреледі емес пе? Оған жаңа әдіс іздеудің еш керегі жоқ.
Дана қазақ бабамыз «зинадан сақтанудың» барлық ұлттық, әлеуметтік, отбасылық, жеке бастық... бүкіл тетігін жасап кеткен. Енді, соны қалпына келтіретін қоғамдық заңдар қабылдау ғана.
Мәселен, «жеті атаға толмай қыз алыспау» дәстүр-заңының ғылыми негізі таңғаларлық. Оқырманға түсінікті болу үшін, генетикалық терең заңдылықты емес, арифметикалық қарапайым есеппен «жеті ата заңын» түсіндіріп көрейік:
Адамның тұқым жалғастыратын хромосама саны 46. Осы хромосома еркектің ұрығында яғни сперматозоидында 23, әйелдің аналық жұмыртқасында да 23 болады. Ер мен әйелдің ұрығы қосылғанда екеуі 46-ға толып, «жарты адамнан» «бүтін адамның» негізі осылай қалыптасады. Қазақтың «екі жарты қосылып бір бүтін» дейтін қанатты сөзі де тегін айтылмағанын осыдан байқауға болады.
Сонымен, Бірінші ата, балада қырық алты толық туыстық сақталады. Екінші ата,немереде жиырма үш жарты туыстық, Үшінші ата, шөбереде бұл екіге бөлінетіндіктен 11.5, ал Төртінші ата шөпшекте осы сан тағы екіге бөлініп 5.75-ке тең болады, Бесінші ата, неменеде бұл сан тағы екіге бөлініп  2.8-ге теңеседі, Алтыншы  ата,  туажатта  1.4-ге тең, ең соңғы Жетінші ата, жүрежатта 0.7. Сегізінші ата жегжатта туыстық қатынасты анықтайтын хромосама саны 0-ге тең болады. Яғни, Жетінші атадан кейін ұрпақ жалғастығында туыстық қатынас қалмайды.
Құран Кәрімде бұл жөнінде арнайы аяттар бар, олай болса Құранды терең меңгерген дана бабалармыз Құранның бұл ғылыми негізін абжат есебі арқылы анықтағаны даусыз. Өйткені, «жеті ата» заңын Қазақ қоғамы қабылдаған кезде яғни Тауке ханның «Жеті жарғысы» қолданысқа шыққан заманда Генетика ғылымы әлі жоқ екені белгілі.
Осындай ғажап заңды Қазақ қоғамы қатаң ұстанды. Жеті ата ішінде бірен-саран «ғашықтық» мәселесімен некесіз қосылғандар болса, оларды өлім жазасына кесетін-ді. Қазақтың дәстүрлі әдебиетінде «Қалқаман-Мамыр» дастаны секілді біршама ғашықтық  жырлар соның куәсі.
Ал, «жеті ата ішінде» үйлендірмеудің қоғамдық негізін бұлжытпай іске асырудың да сара жолын салып қойған. Мәселен, құдаласу дәстүрі. Бұл дәстүр болашақ ерлі-зайыпты болатын қыз-жігіттердің ойнас-зинаның түр-түрінен аулақ болып, өзі біреудің болашақ жары екенін үнемі есте ұстап жүруіне арналған ғажап сақтандыру-иммунитеті.
Сондай, құдаласудың да дәстүрлі түрлері бар. БЕЛ ҚҰДА деген екі рудың бұрыннан таныс-біліс, дос-жаран екі жігіті «біріміздің келіншегшіміз ұл, біріміздікі қыз тауып жатса, болашақ құда болайық» деп, уағдаласып қояды.
Екінші түрі, БЕСІК ҚҰДА деген әлі бесікте жатқан ұл сәби мен қыз сәбиді атастырып қоюды айтады.
Одан кейінгі түрі БЕДЕЛ ҚҰДА деген, ұл мен қыздары ержетіп, бойжеткен әлеуметтік жағдайлары теңдес би мен би, бай мен бай, кедей мен кедей дегендей қалың мал төлесіп, құдаласады. Бұл да Хақ діннің шариғатында арнайы аталған тамаша жоралғы.
Одан кйінгі құдаласулар, «шымбайлы құдалық», «сары сүйек» құдалық дейтін қоныстас  рулардың бұрыннан бері қыз алысып, қыз берісу секілді  үрдіс арқылы татулық пен жақындықты нығайту, нағашы-жиендік туыстық қатынасты  одан ары күшейту үшін жасалатын жасампаз салт.
Бұл да қоғамды «зина-ойнас» секілді сайтани үрдістен сақтандыратын – әрбір қыз-жігіттің өз-өз ақиесі бар бар екекнін үздіксіз ескертіп тұратын, адалдықтан аттамауға  қоғам болып  бақылау қоя алатын өміршең заң.
Ал, үйлі-баранды болған еркек-әйелдерді де  «ойнас-зинақорлықтан» сақтандыратын  үрдіс, заңдар да  қазақ қоғамында міндетін мінсіз  атқарып тұрды. Атап айтар болсақ, Хақ дін бойынша дер жасындағы еркектің бірнеше әйел алуына рұқсат берілген. Бірақ, бұл рұқсат ер адамның жеке күш-қуаты, тұрмыстық ахуалға сәйкесу керектігі ескеріледі. Мысалға, сақа жігіт шағындағы ер адам әйелінің жүкті кезеңі, босану уақыты, етеккір келуі  секілді табиғи қажеттілік  кезінде жыныстық қатынас  жасауға шектеу қойылатындықтан  шәхуатына бойалдырып зинаға еріксіз баруы мүмкін.
Міне, сонда заңды екінші, үшінші некелі әйелі болса, ондай харам жолға бармайтыны анық.
Және де, Хақ дін бойынша көп әйелді болу «шата, көрдемше балалардың»  тууына тосқауыл қоятын бірден-бір амал.
Әрі, бір әкеден, екі-үш анадан тараған ұрпақ  өзара бірлікшіл, ұйымшыл болып  қоғамда игілікті әлеуметтік күш тудыратын ерекше  қоғамдық жүйе деуге болады.
Сөз соңында «ғасыр дерті»  атанған «ЖИТС» (спид) деген дауасыз аурудың құрт-көзі де осы зинақорлықтан басталғанын адамзат қоғамы қазір мойындап отыр.
Егер, бұрынғы қазақ қоғамы секілді «зинақорлық» дейтін рухани-қоғамдық сырқаттан тазарған қоғам құра алсақ, «жыныстық жұқпалы ауру»  деген дерттен де құлан таза сауығамыз.
Және, өткен қазақ қоғамы бүтіндей мұсылмадық үрдістерді іске асыра алғандықтан, ұлдары түгелдей сүндет жасатқан, қыздары «қырық үйден тыю» қатаң бақылауда болған, келіншектері  бойдәретсіз жүрмейтін сап тазалықты сақтаған  сау-саламат ел болғанын, сол кездегі  батыс-шығыстан келген көптеген саяхатшы, зерттеушілер тамсана жазып кеткенін қазір өзіміз де ұмытып қалдық. Ондай рухани өркениетті қоғам құрғанымызды тарих қойнауына қалдырдық, енді соны қазіргі заманға сай қалпына келтіру қажеттілігі осы аз ғана сөзді айттырып отыр.
ІІ. Жыныстық қатынастың  жемісі...
Алдыңғы тақырыпта айтылған «ойнастық-зинақорлыққа» апаратын көп себептердің бірі әрі бәрегейі некелі ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынаста бірін-бірі толық қанағаттандырмайтыны.
Бұл – қорытынды  бұрынғы қазақтар үшін емес, қазіргі қазақтар үшін айтылып отырған жәйт. Неге бұрынғы қазақтар үшін емес дегенге келсек, бұрынғы қазақ жігіттерінің еркектік күш-қуаты өте басым болды.
Ұл боп туған кезінде сәт сайын жетілуге тиіс маңызды мүшелерінің бірі «әтпүшәйі» қазіргідей пампресспен тұншықтырылмайтын-ды.
Ызғар өткізбей тек қана ауа өткізетін киіз түбек пен  аршадан жонылған  ағаш шүмек ұл сәбидің де, қыз сәбидің де  жыныс мүшесінің алғашқы жетілуіне өте қолайлы, ғажап жайлы еді. Көшіп қонып жүрсе де, отырықты отырса да тал бесік аталған адамзат тарихындағы балақанды өсіретін бірегей аспапты біздің дана бабаларымыз бен әжелеріміз  мыңдаған жыл бойы асыл ұрпағын өсірген  киелі құралға айналдырды.
Екінші, ұл сәбилер үш жас пен бес жас аралығында  сүндетке отырғызылып, нәзік жыныс мүшесінің әсіре сезімталдығығынан адалап, қалыпты күйде болатын амалды жасай білді. Осыдан кейін-ақ тайға жайдақ мінгізіп балалық кезеңінен бозбалалық  яғни бәлиғат жасқа толғанда нағыз жыныстық жетілу кезеңі  «табиғи массажбен» өтетіндіктен төсек қатынасында «тез жіберіп қою» «импотенция» дейтін әлсіздіктен олар осылайша ерте бастан сақтандырылды.
Үшінші, «ат ердің қанаты» деп, көшпенді  халықтың ерлігі мен елдігін қатар алып жүрген  атқа міну мәдениеті де ер  жігіттердің еркектігін  сексеннің сеңгіріне шыққаша сақтайтын бірегей факторы болған.
Содан да, бүкіл қазақтың  ат қою үрдісінде соның куәсіндей Сексенбай, Тоқсанбай деген ат-есімдер қалыптасты. Яғни, еркектердің үнемі ат үстінде болуы қазіргі кездің  еркектерін түгел қамтый бастаған «простатит»-тен (қуықасты безінің қабынуы) қорғайтын  әрі еркектік күш-қуатын толықтырып тұратын «тегін массаж» рөлін атқарып келді.
Міне, бұл біздің басты тақырып етіп отырған «жыныстық қатынаста толық қанағаттану яки жыныстық ләззаттың тәтті жемісін жеу» деген мәселенің басты негізі саналады. Былайша айтқанда, жыныстық ләззат алудың басты шарты еректік күш-қуаттың мықты болуы.
Қазіргі қазақ қоғамында жаңа үйленген жас жұбайлардың алғашқы айларда-ақ ажырасуының көп болуы да осы айтылған «жыныстық қатынастың ләззатын ала алмаудан» бастау алатындығы  арнайы сауалнамаларда анықталған жайт. Егер, жаңа үйленген жас жұбайлар «жыныстық қатынынастың тәтті жемісіне ынтығып тұрса» қазіргі айтылып жүрген тұрмыстық, әлеуметтік жағдайлардың жетіспеушілігі еш себеп те емес, түкке тұрмайтын сылтаулар ғана болып қалар еді. Өйткені, қызу махаббаттың ыстық ләззаты ғашық жұптарды күрке де тұрса да бақытты ете алар еді.
Ал, олай болса басты себеп неде? Қазіргі жастардың «жыныстық қатынастың ләззатын ала алмауына» басты себеп қыздар мен әйелдердің көшеде жартылай жалаңаш жүруі. Мұндай «мәдени-жабайылықта»  еркектің де, әйелдің де жыныстық қызығушылығы төмендейді. Ер адамдар болса еркектікті қоздыратын әйел адамдардың «ұятты жерлерін» (шаш, мойын, тамақ, кеуде, білек, балтыр) көз алдында көре-көре әбден көзі үйреніп, міз бақпайтын «адаптация» деген жағдайға ұшырайды. Әлгі, «әдемі жерлер» еркектікті қоздырмақ түгілі түкке тұрмайтын қадірсіз бірдеңелер болып қалады.
Ал, қыздар  мен әйел адамдардың бөтеннің көзінен қымсындырып тұратын осы аса сезімтал мүшелері үнемі көрінгеннің көз алдында ашық-шашық жүре-жүре  көн тері секілді тұрпайы, сыр-сымбаттан ада болады.
Міне, сөйтіп еркек те, әйел де «жыныстық қатынастың ғажап құпиясы» саналатын қымбат мүлкін қоқыс сияқты құнсыз қорапқа айналдырады.
Сөйтіп, жыныстық қатынастың  ең тәтті жеміс беретін басты құндылықтарын қолдан жіберіп алған соң, олар үшін «жыныстық қатынас» әншейін хайуани қатынас  секілді қадірсіз  болып, «жұбайларды жұптап» тұрған  басты «жабыстырғыштан» айырумен тынады.
Сонсоң, қазіргі кездегі «жұбайлардың айырылсуы» деген балалардың ойыншығын лақтырып жібергеніндей әншейін ойыншық үрдіске айналады.
Олай дейтініміз, бұрынғы қазақ қоғамында айырылысу дейтін оқиға сирек болса  да кезіге қалса аса мән берерлік оқиға саналатын-ды. Оны тек қана шариғат жолымен реттейтін-ді.
Өйткені, біз жоғарыда атап өткен, қыздар мен әйелдердің ашық-шашық жүруі дейтін «мәдени-жабайылыққа»  Ислам діні қатаң тиым салған болатын. Бұл тиым алдыңғы киелі кітаптар мен Құран Кәрім арқылы келгендіктен оған адами тұрғыда үкім айтуға ешкімнің құқы жоқ, деп саналды.
Және, бұл дәстүрлі үрдіс ата-бабамыздан бері мұсылмандықты ұстанған қазақ қауымы үшін «Отан от басынан басталады» дейтін елдіктің негізінің бұзылуынан сақтайтын басты тін болғандықтан қандай кезеңде де рухани құндылығын жойған емес. Қызын сәукеле кигізіп ұзатуы, жаңа түскен келінге  қызыл  желек жауып қарсы алуы, алғашқы сәбиін туған жас келіншекке  келіншек кимешек кигізіп әспеттеуі қайталанбайтын бірегей ұлттық мәдениет әрі әйел затының сұлулығын асыратын үлгілі-киім әсіресе, «ашық-шашықтықтан қорғайтын» мұсылмандық  қорғаны болатын.
Әрі, жас жұбайлардың «отбасы бақытын» маздататын яки «жыныстық ләззаттың татымды болуын» тұрақты етіп тұратын бірден-бір ұстыны еді.
Ұстыны дейтініміз, кеште құрулы жібек шымылдықтың ішінде күндіз көзге түспей қос етек көйлек пен қызыл желек жасырған жан жарының «қымбат мүшелерін» көрген  сайыпқыран еркектің  сойқан құралы қозудың шегіне жетіп, ғаламат шабуылды тілеп жатқан жас әйелдің де тал бойы асау қанмен алапат тайталасқа түскен сәтті ешкім тілмен жеткізіп айта алмас...
Десек те, қазақтың бүкіл жақсы, жаман тірлігін өлең өрнегіне айналдырған дана Абай хаким:
«Тал жібектей оралып, Гүл шыбықтай бұралып, Салмағыңнан жаншылып, Қалсын құмар бір қанып...» деуі, «Тар төсекте төсіңді аймалар ма, едім жалаңаш... Иығымда сіздің шаш, Айқайласып тай-талас...» деуі, бұрынғы қазақтың төсек ләззатынан айтылған анық хабар екеніне дау айта алмассыз...
Олай десек, осы дау туғызбайтын дәлелді мойындайтын қазақ қоғамының қазіргі саналы қыз-жігіттері  «жартылай жалаңаштану» дейтін, жасырын жасалып жатқан қастандықтан құтылуға жұмыла күресулеріңіз қажет екенін, бұдан артық дәлелдеуді қажет етпес!
Соның өзінде де, әркім өзінен бастауы өзімен-өзі күресуі, өз нәпсісін өзі түзеуі әділдік болмақ.
Өйткені, жеке бас еркіндігіне зорлық жоқ, саналы түсіну ғана бүкіл келеңсіздікті бүліксіз түзетудің бірден-бір жолы екені әлдеқашан дәлелденген ақиқат.

Абай Мауқараұлы
08 желтоқсан 2019 ж. 697 0