Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойлы оқырман үлесі

Ойлы оқырман үлесі

Киелі өлкенің әр тынысынан хабар беретін аудандық «Өскен өңір» газетінің келесі жарты жылдығына жазылу науқаны жүруде. Аудан айнасының таралымына мекемелер мен кәсіпорындар, дүкендер мен сұлулық салондары да атсалысуда. Соның бірі – кент орталығында орналасқан «Құндыз» сұлулық салонының қызметкерлері. Құндызай Байденова басшылық жасайтын сұлулық салоны күніне ондаған бойжеткеннің бетін әрлеп, шашын қиып, тырнағын әсемдейді. Күнделікті қызу тіршіліктің ортасында жүрсе де, бір сәт «Өскен өңір» газетінің бетінде жарияланған жаңалықтарды оқуға уақыт бөлетін ұжым басылымның таралымына үлес қосып, баспасөзге жазылды. 10 адам жұмыс жасайтын ұжымның ісі де берекелі. Сондай-ақ бұл ұжым үнемі газетке жазылуды назардан тыс қалдырмайды. Жалпы баспасөзге жазылу ерікті. Кез келген оқырман өзі қалаған газетке жазыла алады. Сенімді әрі шынайы ақпаратты алу үшін, елінің және өзінің тағдырына бейжай қарамайтын ойлы оқырман газетке жазылудан қалыс қалмасы анық.

«Өскен өңір» ақпарат
26 қараша 2019 ж. 965 0