Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығын медиациямен шешкен жөн бе?

Мал ұрлығын медиациямен шешкен жөн бе?

Биылғы жылдың 10 айында Шиелі ауданы бойынша 47 мал ұрлығы тіркеліп, оның 22-і ашылған. Ал 14 қылмыс екі жақты ымыраға келу арқылы, яғни медиациямен шешімін тапқан. Бұл туралы бейсенбі күні аудандық баспасөз орталығында Шиелі АПб-нің басшысы, полиция подполковнигі Серік Тоқтыбаев баяндады.
Қорадағы ірі қарасы қолды болғанда полицияның көмегіне жүгіну жөн-ақ. Ал көшеде қараусыз қалған малға кім жауапты? Оңай олжаны құр жібермейтін ұрыларға оңтайлы тұсты өзіміз жасап отырған жоқпыз ба? Мал ұрлығы неге өршіп тұр? Осы сынды сауалдарға жауап қатқан Шиелі АПб-нің басшысы, полиция подполковнигі С.Тоқтыбаев мал ұрлығы ауыр қылмыстар санатына енгізілгенін айтты. Яғни мал ұрлағандар зардап шегушімен татуласу арқылы немесе зардаптың орнын толтыру арқылы жазадан жалтару мүмкіндігінен айырылады. Бірнеше рет мал ұрлығымен істі болған қылмыскер ауыр қылмыстар санатына енгізіліп, 10 жылға бас бостандығынан айырылатын болады. Мал ұрлығын болдырмау және алдын-алу мақсатында іске қосылған заңның салмағы да ауырлай түсті. Қазақтың «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп, кеңшілікке салып кешірім беруі ұрылардың ісін одан әрі өршітіп жіберуі бек мүмкін. Бір мәрте ымыраға келіп, оңай құтылған ұрылар сол қылмысты қайталамайтынына кім кепіл?

Былтырғы жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға өсім алған мал ұрлығы Телкөл, Алмалы ауылдық округтерінде жиі белең алып, жыл басынан бері 14 іс тіркеліп, оның 9-ы ашылған. Мал ұрлығының негізгі факторы мал иелерінің төрт түлігін қараусыз қалдыруынан туындап отыр. Сонымен қатар пада ұйымдастыру мәселесін де бір ізге қою керектігі айтылды. 10 айда тіркелген мәліметке сүйенер болсақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолында түнгі уақытта 10 «мал қағу ісі» орын алып, ірі қараның егелері анықталмаған. Қорадағы төрт түлікті түгендеп, құжатын рәсімдеуге келгенде қазекем тағы да қам көңіл танытып отыр. Бүгінгі таңда мал ұрлау, оны сойып ет бағытында өткізу факторлары бойынша мал бордақылау орындарымен тығыз байланыс орнатып, мал базарын қатаң бақылауға алғанын да жеткізді сала басшысы.
– Қылмыстың алдын-алу мақсатында кент ішіне 23 бейнекамера орнатылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің кіре берісінен бастап орнатылған бейнебақылаудың көмегі арқылы мал тиеген көліктердің бағытын анықтап, қылмысты ашу барысында пайдаланамыз. Бұл әдістің бірнеше істе пайдасын көрдік. Алдағы уақытта бейнекамераның санын 50-ге жеткізетін боламыз, – деді С.Әбдімәуленұлы. «Сонымен қатар сандық жүйеге негізделген чип, түнгі уақытта жарық беретін белгі де төрт түлігіңізді қолды болудан сақтайды. Яғни аз қаржы бөліп, қорадағы ірі қараңыз ұстағанның қолында кетпес үшін осы сынды қауіпсіз тәсілдерді қолданғаныңыз абзал. Шиелі ауданы бойынша 43 пада ұйымдастырылған. Оның үшеуі кентте. Көше торып, қоқыс жағалаған малға әркім көз салмақ. Ал сауын сиырыңызды падаға жіберіп, ай сайын 1000 теңге төлеп отырсаңыз шамамен 200 мың тұратын ірі қараңыз ұрылардың тұзағынан аман болады» деді брифинг барысында.

Г.Әбдіханиқызы
23 қараша 2019 ж. 863 0