Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 қазанға арналған ауа райы болжамы

4 қазанға арналған ауа райы болжамы

BAQ.KZ. Қазақстанның барлық аймағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Түркістан, күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі.

Алматы облысының жекелеген ауданында жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Жамбыл, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймағында тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

04 қазан 2019 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031