Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » IT-технология көмегімен жұмыс табу жеңілдеді

IT-технология көмегімен жұмыс табу жеңілдеді

BAQ.KZ. Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаменті Telegram мессенджерінде Qyzmet.info жобасын жасап шығарды.

Үміткерлердің қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет саласына жаңа технологияларды енгізу бұнымен шектелген жоқ. Мемлекеттік қызметте сирек кездесетін білімді талап ететін лауазымдарды іздеуге қатысты сұрақтарымен азаматтардың жиі жүгінетіндігін ескере отырып, Департамент «Мемлекеттік қызмет картасы» - Qyzmet.info веб-сайтын әзірледі.

Бүгінгі күнге дейін мамандарға барлық сәйкес келетін мемлекеттік органдардың біліктілік талаптар жинағынның қағаз нұсқасын қолмен зерделеу қажет болатын.

Веб-сайтты әзірлеудің арқасында аталған үрдістердің ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

«Ендігі кезекте пайдаланушылар сайтта өздерінің мамандықтарын көрсете отырып, қай мемлекеттік органдарда тиісті лауазымдардың бар екенін біле алады. Сондай-ақ, әңгімелесуге арналған үлгілік сұрақтармен танысып, қаладағы барлық мемлекеттік органдардың орналасқан жері туралы толық ақпарат ала алады», - деді Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а Бауыржан Оразов.

Осылайша, бұл жобалар мемлекеттік қызметке іріктеу үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз етудегі тиімді құрал болып табылады.
01 қазан 2019 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930