Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Денсаулық фестивалі» өтеді

Қызылордада «Денсаулық фестивалі» өтеді

BAQ.KZ. 14 қыркүйекте қалалық мәдени және демалыс паркінде дәстүрлі «Денсаулық фестивалі» өтеді, деп хабарлады Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми сайтында.

Шара барысында, медициналық қалашық (УЗИ, ЭКГ, флюро автокөлігі, глюкометр аппараттарының қызметі, қан қысымын анықтау, салмақ өлшеу, дәрігерлер кеңесі), «Денсаулық жәрмеңкесі» (салауатты және пайдалы тағамдар, денсаулыққа пайдалы тауарларының сатылым көрмесі) жүргізіледі.

«Қозғалыс бұл денсаулық!» ұранымен халық арасында спорттық жарыстар (арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру), йога жаттығулары, көпшілікке арналған көңілді концерттік номерлер орындалады.

Фестиваль жеңімпаздары түрлі номинациялармен марапатталады.

12 қыркүйек 2019 ж. 1 102 0

Қоғам

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР
16 ақпан 2026 ж. 41

PDF нұсқалар мұрағаты

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (9377)

07 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728