Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Етті қалай жұмсартамыз?

Етті қалай жұмсартамыз?

Қазақ «ет дегенде бет бар ма» деген. Біздің халқымыз үшін асымыздың сәні мен мәнін кіргізер – төрт-түліктің еті, ал оның жұмсақ боп пісуі – ас үй ханшайымының мәртебесі. Әсіресе, кәуап пісіргенде ет әбден маринадталған болса, «жемесең түсіңе, жесең тісіңе кірмейді». Етті пісірерден 1-2 сағат бұрын, оған үккіштен өткізілген пиязды араластырып, езіп қойсаңыз, нағыз бал татыған тағам шығады. Қатты етті су қосылған картоп крахмалында жібітіп алсаңыз, ол қытырлап ауызда еритін тағамға айналады. Орамжапырақ не қияр тұздығы – ең ұтымды нұсқа. Оны тіпті тұздаудың да қажеті шамалы.
Газды минералды су – етті жұмсартудың тексерілген тәсілі. «Ессентуки» не «Боржоми» сусындарынан артығы жоқ. Ал кивиді шанышқымен жаншып, үстіне ет салып араластырсаңыз, 2 сағаттан астам уақыт ұстаңыз. 1,5-2 келі етке бір орташа киви жарайды. Қыша (горчица) етті жұмсартып қана қоймай, оған аздаған қышқылдық пен ғажап хош иіс береді. Оны сұйық тұздық не ұнтақ түрінде етке жағып, 15-20 минут қойсаңыз, етіңіз ауызда ериді.

11 қыркүйек 2019 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (8724)

20 қыркүйек 2019 ж.

№72 (8723)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам