Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі аталды

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі аталды

Биылғы жылдың тамыз айында еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің сомасы 31 982 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның статистика комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметіне сәйкес, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы тамызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 21%-ға жоғарылады.

«Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,9%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны, жемістер мен көкөністерді – 13,7%-дан, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,8% құрады», - делінеді ведомство хабарламасында.


















Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады.

Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
04 қыркүйек 2019 ж. 198 0

Соңғы жаңалықтар

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (8748)

13 желтоқсан 2019 ж.

№96 (8747)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (8746)

06 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам