Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы басталды

Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы басталды

BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы басталды.

Халықаралық форум 4-6 қыркүйек күндері елордада өтеді. Аталған іс-шараны Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіп отыр.

Конгресс-орталықта өтіп жатқан форум барысында «Азия әдебиетінің жауһарлары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл форум Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамыту һәм егеменді еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көздейді.

Азия елдері қаламгерлерінің І форумында аталмыш құрлықты мекен еткен 44 мемлекеттен Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN әдеби жүлдесінің жеңімпаздары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері һәм Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары сынды 90-ға жуық ақын-жазушылар мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған қаламгерлер бас қосты.
04 қыркүйек 2019 ж. 962 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (9369).

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (9368)

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031