Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстанда алғаш рет «PATA» халықаралық туристік көрмесі өтеді

Қазақстанда алғаш рет «PATA» халықаралық туристік көрмесі өтеді


Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Астанада «PATA Travel Mart» атты халықаралық көрме өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Kazakh Tourism» ҰК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы жылдың 18-20 қыркүйегі күндері өтетін халықаралық көрмені өткізу туралы келісімге PATA (Pacific Asia Travel Association) президенті, доктор Марио Харди мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев қол қойды. «Біз көрменің PATA тарихында алғашқы рет Орталық Азия территориясы бойынша Қазақстанда өтетініне қуаныштымыз. Азия мен Еуропаның тоғысқан жерінде орналасқан Қазақстан халықаралық туристік көрмені ұйымдастыру үшін нағыз қолайлы ел. Ал Астана Шығыс және Батыс мәдениеті мен мұрасының өзара үйлесімі келіскен ерекше қала. Шараны өткізуді өз жауапкершілігіне алған Қазақстанмен көрмеде ерекше дүние ұсынып, бірігіп жұмыс істеуді асыға күтеміз», - деді PATA президенті Марио Харди. Халықаралық көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» АҚ-ның ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. «Көрме өткізуді Азияның ірі қалаларының ішінде Астананың жеңіп алуы, оның іскерлік және туризм бойынша статусының жоғарылығын дәлелдейді. Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 1200 ассоциация мүшелері келеді. Негізінен басымдық туризм нарығы үшін маңызды болып табылатын Азия және Еуропа елдеріне беріледі. Аталған шарадан соң шетел туристерінің біздің елге деген қызығушылығының арта түсетініне сенімдіміз», - деді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

www.24.kz
27 қаңтар 2019 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (8721)

10 қыркүйек 2019 ж.

№69 (8720)

06 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам