Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаламгерлер форумында қандай мәселелер талқыланады

Қаламгерлер форумында қандай мәселелер талқыланады

BAQ.KZ. Елордада 4-6 қыркүйек күндері «Азия елдері қаламгерлерінің І форумы» өтеді.

Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізетін форумда қандай мәселелер талқыланады? Форум алдында қаламгерлер өз ойларымен бөлісті.

«Жалпы, жиында қозғалатын мәселелер негізінен «Қазіргі Азия өркениетіндегі әдеби панорама» тақырыбы айналасында өрбиді. Пікір алмасу мәжілісінде Азия әдебиеті және жаһандық мәселелер, Азия жазушысының бүгінгі қоғамдағы орны, Азия романдарындағы қазіргі заманауи тақырыптар, әлемдік әдебиеттегі Азия адамының бейнесі, Азия ақындары поэзиясындағы жаңа ағымдар және әдемдік әдебиетке әсері сияқты, әдебиеттегі жалғыздық тақырыптары, жоғалып бара жатқан жанрлар мен баяндау тәсілдері, қару мен қалам, даму мен сенім, жоғалған тілдер мен ұлттық әдебиеттер, тероризммен күрестегі әдебиет рөлі сияқты көптеген тақырып қаузалады», – дейді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Ұлықбек Есдәулет.

Сонымен қатар, Азиялық әдебиеттегі көркемдік кеңестің маңызын көтерудің жолы талқыланады. Сондықтан бұл қазақ әдебиетінің өркендеуіне тың серпін береді, дейд ақын, Ақберен Елгезек.

«Азия — ұлы өркениет тудырған құрлық. Мұнда адамзат ақыл-ойының атасы болған алыптар туған. Сол себепті, даналықтың алтын бесігі саналған континентте әлемдік даму үрдістері сөз болады. Қоғамдық ғылымдардың ішіндегі көркем ой мен жазба әдебиеттің өкілдері Ұлы даланың жүрегіне айналған Елордадағы алқалы басқосуда жаңа заман әдебиетінің маңызды мәселелерін жіктейді. Оған қоса, Азиялық әдебиеттегі көркемдік кеңестің маңызын көтерудің жолын талқылайды. «Сондықтан бұл қазақ әдебиетінің өркендеуіне тың серпін береді дейді», –.дейді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Ақберен Елгезек.

«Азия елдері қаламгерлерінің І форумына» 44 мемлекеттен 260 қаламгер келеді күтілуде. Оның ішінде Букер әдеби жүлдесінің иегерлерімен Нобель сыйлығының номинанттары бар.


03 қыркүйек 2019 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930