Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Адам кондиционерден ауыруы мүмкін бе?

Адам кондиционерден ауыруы мүмкін бе?

Ыстық күні адамдар екі топқа бөлінеді: "мен ыстықтап отырмын" және "маған жел соғып тұр". Ғылым кондиционерлер жайлы не дейді? Кондиционер себебінен тұмаулап қалу мүмкін бе? Кондиционердің өзінен тұмаулап қалу мүмкін емес. Ауа салқындататын техника немесе жел тұмауды шақырмайды. Тұмау тек вирустар себебінен пайда болады. Алайда суық ауа ағза қорғанышын уақытша әлсіретіп жіберуі мүмкін. Сол кезде ағза микробтарға қарсы тұра алмайды. Бірақ оған кондиционер кінәлі екені туралы нақты дәлелдер жоқ. Сонымен қатар, құрғақ ауа шырышты қабыққа ауру қоздырғыштардан қорғануға кедергі келтіреді деген де болжам бар. Ал кондиционер ауа ылғалдығын төмендетеді. Әдетте, кондиционер тұрған бөлмені өте сирек желдетеді. Сондықтан ауадағы вирустар шоғырлануы өсіп, жұқпа жұқтырып алу қаупі жоғарылай түседі. Кондиционердің бактерия тарататыны рас па? Кондиционер сүзгісі шынымен де шаң, аллерген және қауіпті микроағзаларды жинайды. Солардың себебінен адамның ауырып қалуы әбден мүмкін. Бірақ мұндай жағымсыз жағдай орын алмас үшін тазалық сақтау жеткілікті. Кондиционер сүзгісін уақытылы жуып немесе ауыстырып тұру керек. Ағзаға құрғақ ауа қаншалықты зиян? Ылғалдың жетіспеуі тұмау ауруларының, тері және өкпе мәселелерінің даму қаупін жоғарылатады. Ауа кондиционер себебінен құрғап кетпес үшін үйге суы бар ыдыстар қойып қойыңыз және душтан соң есікті ашық қалдырыңыз. Әрине, ең дұрысы – ауа ылғалдандырғыш сатып алу. Өмірге қолайлы ылғалдылық деңгейі – 45-55%. Бөлме температурасы қандай болуы керек? Жылы күндері бөлме температурасы 22-25 градус болуы керек. Ыстық күні көшеден келген бойда жылдам салқындағыңыз келіп тұрса да кондиционер желін күшейтіп қоюдың қажеті жоқ. Себебі ағза ыстықтан кейін суыққа бейімделіп үлгермейді. Дала мен бөлме температурасының айырмашылығы көп болған сайын ол ағза үшін күйзеліс болып келеді.


31 тамыз 2019 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (8724)

20 қыркүйек 2019 ж.

№72 (8723)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам