Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Кондиционер тұрған бөлме несімен қауіпті?

Кондиционер тұрған бөлме несімен қауіпті?


Жыл сайын жаз маусымының алдында кондиционерге деген сұраныстың жоғарылайтыны рас. Аптап ыстыққа төзе алмайтындар кондиционер орнатуды қалайды. Бірақ көбі кондиционердің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін біле бермейді. Себебі кондиционердің астында шамадан тыс уақыт отыру түрлі созылмалы ауруларды асқындырып, қауіпті вирус ауруларын тудыруы мүмкін екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне алматылық терапевт-кардиолог, жоғары дәрежелі дәрігер Лейла Оспанова айтып берді. Маманның айтуынша, ең бастысы кондиционерді шамадан тыс ұзақ уақыт қолданбау қажет. – Кондиционерді орнату алдында оны міндетті түрде дайындау керек. Фильтрлерін тазалап, ауыстырған жөн. Онымен айналысатын арнайы мамандар бар. Оны не үшін тазалау қажет? Себебі кондиционерді ұзақ уақыт қолданған кезде ішіне шаң толып қалады. Ең қауіптісі онда түрлі бактериялар пайда болып, нәтижесінде олар ауада таралып, түрлі қабынба ауруларды тудыруы мүмкін",– дейді дәрігер. Оның айтуынша, кондиционерлер, әсіресе, егде жастағы кісілер мен балаларға қауіпті. Дәрігер өткен жылдан қалып қойған, сол күйі тазартылмаған және профилактикалық тексерістен өтпеген кондиционерді қолданбауға кеңес береді. – Кондиционерді тазалау өте маңызды. Себебі онда вирус жиналып, зең ауруы немесе вирусты аурулар, тіпті өкпенің қабынуына (пневмония) әкелуі әбден мүмкін",– деп ескертеді Лейла Оспанова. Дәрігердің айтуынша, кондиционерді бір мезгіл өшіріп отыру керек. Бұл бөлмені шамадан тыс салқындатып алмау үшін жасалады екен. - Сөндіріп, бөлмені желдетіп, ауа кіргізу қажет. Тағы да ескерткім келетіні, егде жастағы кісілерге кондиционерден келетін аурулар өте қауіпті. Иммундық жүйесі әлсіз адамдар да бірден ауырып қалуы мүмкін,– дейді маман. Сонымен қатар, дәрігер тонзиллит, ангина, бронх қабынуы және пневмония сияқты созылмалы аурулардың асқыну қаупі жоғары екенін айтып өтті. Сол себепті кондиционерді өшіріп, ауа кіргізіп тұру қажет. – Кондиционер көбі біле бермейтін қауіп, сондықтан адамдар шамадан тыс уақыт отырып, суықтап қалады. Мүмкіндік болса, кешке жақын кондиционерді өшіріп, таза ауада серуендеу қажет. Мұны аурудың алдын алу үшін деп айтуға да болады. Үнемі төмен температурада тұрған салқындатқыштың астында отырса, міндетті түрде асқынған немесе созылмалы аурулар қабынады,– дейді дәрігер. Лейла Оспанова кеңседе жұмыс істейтіндерге физикалық жаттығулармен айналысуға, мысалы, жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін жаттығу залына, бассейнге баруға, жүгіруге, велосипедпен жүруге – жалпы иммундық жүйені көтеруге кеңес берді. Одан бөлек маман құйымшақ жүйкесінде ауру барларға да ескерту жасады. – Құйымшақ жүйкесі ауыратын науқастарда созылмалы аурудың ошағы болғандықтан, ол ауру міндетті түрде мазалайды. Ол үшін жарты жылда бір рет профилактикалық емнен өту керек. Алдын алу шараларын жүргізбесе, құйымшақ жүйкесі мазалауын қоймай, оны ешқандай ауру басатын дәрілер қойдыра алмай қалуы мүмкін. Бірақ кеңседе кондиционер орнатылған жағдайда, алдын алу шараларын қабылдау қажет: иттің немесе түйенің жүнінен жасалған белбеу киіп, салауатты өмір салтын ұстану қажет,– деп кеңес берді дәрігер.
Massaget.kz
30 шілде 2018 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (8793)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (8792)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (8791)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам