Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыркүйекте күн ысиды – синоптиктер

Қыркүйекте күн ысиды – синоптиктер

BAQ.KZ. Қазақстанда қыркүйек айында ауа температурасы жоғарылайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Орташа есеппен алғанда, күндізгі уақытта ауа температурасы 22-25 градусқа дейін жоғарыласа, түнде сынап бағанасы 10-12 градусты көрсетеді.

Синоптиктердің мәліметінше, қыркүйектің бірінші онкүндігі жаңбырлы болады деп күтілуде. Алайда, соның өзінде сынап бағанасы күндіз 13 градустан төмен түспейді, тек түнгі уақытта ауа температурасы +6 градусқа дейін төмендейді. Ал 10 қыркүйектен бастап күн қыза түседі.

Екінші онкүндіктің ортасынан бастап жауын жауып, тиісінше күндіз 11 градус, 1-3 градусқа дейін салқындайды. 22 қыркүйектен бастап күн қайта жылынады. Жалпы алғанда ауа температурасы қыркүйектің соңына дейін тұрақты болады дейді мамандар. Синоптиктер осыған орай қыс ұзақ әрі қатал болуы мүмкін деп болжам жасап отыр.
27 тамыз 2019 ж. 482 0