Елімізде қараша айында ауа райы қандай болады
Қараша айынды еліміздің басым бөлігінде күн суытып, жауын-шашынды болмақ. Синоптиктер қараша айында арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Ақмола облысында айдын басында қар аралас жауын жауады. Айдың ортасында ауа температурасы күндіз 8, түнде 11 градусқа дейін төмендейді. Ай соңында 17 градусқа дейін суытады.
Ақтөбе облысында бұл айда күн жылы болады. Орташа температура күндіз 3 градусты, түнде 4 градусты көрсетеді. Айдың ортасы мен аяғында жауын-шашынды болады.
Алматы облысында айдың ортасында күн суытады. Айдың басында күндіз 1 градус жылы, түнде 6 градус суық болады.
Атырау облысында қараша айы жылы ауа райымен басталып, соңына қарай суыта бастайды.
ШҚО-да айдың басынан бастап күн суытады. Ай соңы жауын-шашынды болады.
Жамбыл облысында күн суытып, нөсер жауын жауады. Ай ортасынан бастап күн суық болады. Ай соңында күн аздап жыли бастайды.
БҚО-да қараша жылы болмақ ай ортасында жаңбыр нөсерлетіп, күн суытады.
Қарағанды және Қостанай облыстарында ауа райы жауын-шашынды болып, қар аралас жаңбыр жауады.
Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында күн жылы болады. Тек ай ортасында жауын жауады. Қызылордада қараша соңында күн жылынады.
Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында ай басынан қар жауады. Қараша айы жауынды, күн суық болады.
Түркістан облысында айдың ортасынан бастап күн суытады. Айдың соңына қарай ауа температурасы қайта көтеріледі.
Астанада ай басынан қар жауады. Алматы мен Шымкентте қараша басталысымен жауын-шашынды болады.
stan.kz