Өзіңді ешкімге қажетсіз немесе үмітің үзілгендей сезінбе!
Сен өзіңді ешкімге керексіз, жалғыз қалғандай, саған ешкімнің көмектесе алмайтындай сезінуің мүмкін. Болашаққа артқан үмітіңнен күдер үзіп, енді өміріңде ешқашан бақытты сәттер болмайтындай көрінуі мүмкін. Кейде жабырқап жүрген адамдар «Еш нәрсенің мәні қалмады» деп есептейді. Олар өздерін басқаға қарағанда ұсқынсыз, ақымақ және қабілетсіз санайды.
Стресстен, депрессиядан немесе дағдарыстан құтылу үшін адамдар кейде ішімдік пен есірткіге үйір бола бастайды. Бұл аз ғана уақытқа жеңілдік сезімін сыйлауы мүмкін, бірақ, түптеп келгенде, ол стресс пен депрессия сезімін одан сайын тереңдете түседі.
Егер сен өлім немесе өз-өзіңе қол жұмсау туралы жиі ойлайтын болсаң, бұл сенің ауыр депрессия сезімінде жүргеніңді білдіруі мүмкін, сондықтан саған тезірек көмек сұраған жөн.
Депрессиядан құтылғанда депрессия белгілері, жағымсыз ойлар мен шарасыздық сезімі толығымен жойылады. Өзің, досың, ағаң не інің, әпкең не қарындасың, сіңілің немесе отбасыңның басқа мүшесі үшін көмек сұрау өте маңызды іс. Бөгелме. Бізден көмек сұра.
Мекен жайымыз: Шиелі ауданы, Жайлыбаев №58, 222-кабинет
Жұмыс уақыты: 08:00-18:00
Сенім телефон: 8 775 471 32 72
А.Көшерова,
Шиелі аудандық емхана психологі