САНАНЫ СЕРГЕЛДЕҢГЕ САЛАТЫН СЕЗІМДЕР
Қанша жерден бақытты болсақ та, жүрегіміздің түбінде бір күдік тұрады. Ол күдік көп ұзамай үлкен қорқынышқа айналуы мүмкін. Санадағы сансыз сезімдер кейде өзіңді сергелдеңге де салып жатады. Сергелдеңге салмас үшін олардан арылу керек.
Қорқыныш қамауда қалдырады, үміт бостандыққа шығарады. Қандай да бір қорқынышқа бой алдырмаудың алдын алу керек. Негізінде біз қорқатын дүниелердің көп бөлігі жүзеге аспайды. Тіпті жүзеге асып жатқан жағдайда онымен күресуге қауқарымыз жетеді. Сондықтан да сіз бен біздің қорқынышымыз негізсіз. Қорқыныштың басты себебі біреу ғана: жалған дәлелдер шынайы болып көрінеді. Осы орайда сананы сергелдеңге салатын кейбір сезімдер жайлы айта кеткенді жөн санап отырмыз.
Мінсіз көріну сезімі
Өмірде мінсіз көріну мүмкін емес. Мінсіз болу да оңай емес. Тек жетістікке жетер жолдағы төккен тер мен құлшыныс қана сені төрге шығара алады.
Жалғыздық сезімі
Өзіңді дүниеде жалғыз сезіну – жалқаулықтың белгісі. Жалғыз кетіп, ештеңе жасағың келмейді. Алайда сен жалғанда жалғыз емессің. Сенің жанашырларың көп. Жалғыздық – уақытша сезім ғана. Мұндай сезімді бастан кешкен жағдайда тезірек арылуға ұмтыл.
Өзіңді өзгелерге қарыз сезіну
Сен ешкімге бағынышты, немесе тәуелді емессің. Өз еркіндігіңді тұмшалама. Ешкімге қарыз да емессің. Бастысы – қуанышқа бастар жолды таба біл.
Күту сезімі
Күте-күте күніңді өткізбе. «Үмітсіз – шайтан» дегенмен де, іске кіріспесең жалған үміттен не пайда?! Жаңа жоспар құрып, жаңа мақсаттарға ұмтыл.
Торығу сезімі
Кейде жанымыз құлазып, торығатынымыз рас. Мұндай cезімді бастан кешірмеудің бір жолы – күндегі жоспарыңызды біркелкі құрмай, өзгертіп тұрыңыз. Бос уақытыңызда серуендеңіз, жақын адамдарыңыздың үйіне қонаққа барыңыз.
Қорқыныш сезімі
Қорқақтық таныта беруге болмайды. Істі бастауда тәуекелге жиі барыңыз. Қол қусырып отырғаннан түк шықпайды. Қорқақтық – жалқаулықтың бір түрі.
Қабілетсіздік сезімі
Адамның қолынан көп дүние келеді. «Мынаны мен жасай алмаймын» - деп өзіңді өзгеден ешқашан төмен санама. «Қабілетім жетпейді» - деп қол қусырма. Оны жасау сенің де қолыңнан келеді. Тек тәжірибе мен біліміңді арттырсаң болғаны.
Жауапты болу сезімі
Бір дүниеге сен өзіңді жауапты сезінбеуің керек. Жауапты болуды тек нақты деректер мен тапсырмалара арқылы ғана сезін. Өзге жауапты болу сезімінен аулақ бол.
Реніш сезімі
Ешкімге ешқашан ренжи көрме. Ренжіген күннің өзінде білдіртуге тырыспа. Себебі өзгелер сенің тез ренжиитініңді біліп алса, қайта-қайта ренжітуге құмар болады. Бұл – сенің ең осал тұсың болуы да мүмкін.
Ұялу сезімі
«Ұялмаған бұйырмағанды алады» - деген. Көп тұста ұялып, болмаса қысылып, өзіңді тежеп қалма. Қателігі үшін өзгелерді ұялтпа.
Ғашықтық сезім
Махаббатты бір сәт естен шығара тұруды үйрен. Ол сен үшін дүниедегі ең маңызды сезім болуы бек мүмкін. Алайда ғашықтық сезімнен де биік тұратын дүниелер болуы да ғажап емес. Сүйгенім қарамады, немесе тастап кетті деп көп торығудың қажеті жоқ.
Таңдау жасай алмау сезімі
Кейде ойымыз сан саққа кетіп, таңдау жасай алмай жатамыз. Нәтижесінде өзгенің ақылы мен көмегіне жүгінеміз. Әрине, өзгелердің айтқанын да тыңдауға болады. Десе де өзің таңдау жасау мен шешім шығаруға үйренгенің дұрыс. Өзгелердің көп тыңдайтын болсаң, жеке тұлға ретінде таңдау жасаудан қаласың. Болмаса жалғыз қалғанда шешім шығара алмай сенделесің.
Дереккөз: Reactor