Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жат ағым жаңылыстырмасын

Жат ағым жаңылыстырмасын

Діни алауыздық салдарынан бірлігіне дақ түсіп, айрандай ұйыған ынтымағынан қол үзіп қалған мемлекеттер тарихта қаншама?! Осы орайда мемлекеттің дін саласындағы жүргізіп отырған саясатын түсіндіру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Бір қарағанда ертегі көрінген бұл оқиға құлаққа жайсыз естілгенімен, бұндай жат ағымның жетегіне еріп, басын жарға соққандар қатарында қазақтың қара домалақ баласы мен қаракөз қыздары бар екені өкінішті-ақ. Сол себепті де осындай олқылықтарды болдырмас үшін арнайы ақпараттық топтар құрылып, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сондай жиынның бірі сейсенбі күні аудан әкімдігінде өтті.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық РҚТ мүшесі Ершат Оңғаров білім саласының және дербес бөлім қызметкерлерімен жүздесіп, жат ағымдар туралы сөз өрбітті. Олардың ұстанымы, салт-дәстүрді теріске шығаруы, ата-анасына қарсы шығуы сынды өмірге деген көзқарастары туралы хабардар етіп, оларды қалай ажыратуға болатынына тоқталды. Сондай-ақ Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директорының орынбасары Аралбек Боранбаев пен РҚТ мүшесі Ершат Ағыбайұлы қатысушылар тарапынан қойылған сұраққа жауап берді.

Е.ДАТКЕНОВ

24 тамыз 2019 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930