Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала күтіміндегі ескерер жайттар

Бала күтіміндегі ескерер жайттар

Ðала күÑÑмÑÐ½Ð´ÐµÐ³Ñ ÐµÑкеÑÐµÑ Ð¶Ð°Ð¹ÑÑаÑБала сылап-сипаумен өседі демекші, бала күтімі, бала тәрбиесі, тағамы, киімі жөнінде жалпы баланы өсіруге дейінгі тақырыптар осы күнде өте көп. Алайда әрбір ата-ана баласының тәрбиесінде өз әдіс-тәсілдерін қолданады. Көпшілігі өз ата-анамыз бізді осылай тәрбиелеген деп қаталдық танытатыны да жоқ емес. Дегенмен, баланы баптап, қағып өсіруде, оның тәрбиесінде мұқияттылық қажет. Себебі бала сіздің ертеңгі айнаңыз екенін ұмытпаңыз. Бала ойыншықтарын таңдау Балаға ойыншықты өз жасына қарай алу керек және бірден көп ойыншық алуға болмайды. Себебі баланың бір ойыншыққа жақсылап  көңіл аударуына, жан-жақты зер салып қарауына мүмкіндік жасау керексіз. Сонымен қатар бала ойыншықтары барынша жеңіл болғаны жөн. Сонда ғана бала онымен еркін ойнай алады. Баланың ойнауына ұсақ затты беруге болмайды, ол тамағына кетіп қалуы мүмкін. • 3 айлық балаға ойыншық тек көңіл аударып қарау үшін ғана қажет. Мысалы, шар, балық, үйрек т.б. ойыншықтар. • 3 айдан 6 айға дейінгі балаларға қолына ұстауға ыңғайлы ойыншықтар, яғни сапты сылдырмақтар, резеңкеден жасалған дыбыс шығаратын қуыршақтар, жануарлар, құстар секілді ойыншықтар жарайды. • 6 айдан бастап балаларға әр түрлі формадағы резеңкеден, ағаштан т.б. жасалған ойыншықтар сатып алуға болады. Сонымен қатар дыбыс шығаратын ойыншықтар бала тілінің тез жетілуіне және сөзді түсінуіне ықпал жасайды. Бала ойыншыққа назар аудара қарап, олардан шыққан дыбысты көңіл бөліп тыңдайды. • 9-12 айлық балаға шығыршықты пирамидалар, текшелерді (кубиктер), т.б. ойыншықтар беруге болады. Есіңізде болсын, емізулі балаға қатты қағаздан, түкті матадан жасалған ойыншықтарды беруге болмайды. Баланы шомылдыру Бөбекті 6 ай толғанша күн сайын шомылдыру керек. Ал 6 айдан асқан соң күнара шомылдарады. Нәрестені шомылдыратын судың температурасы 35-36°С болған дұрыс. Ал алғашқы 3 аптаның ішінде судың температурасы бұдан жылы болуы керек, яғни 36-37°С. Ваннадағы судың температурасын қолмен емес, термометрмен өлшеген жөн. Ал бөлме температурасы 20-22°С болуы тиіс, ал нәрестені шомылдырғанда 22-24°С  болған жөн. Шомылдыру баланы жалықтырып қажытпауы керек. 6 айға толмаған баланы ваннада 5 минуттан артық ұстауға болмайды. Ал 6 айдан асқан соң 10 минут шомылдыра бересіз. Қыс айларында баланы кешке жатар алдында шомылдырған дұрыс. Ал жас мезгілінің кез келген уақытында шомылдыруға болады.  Есіңізде болсын, нәрестені тамақтандырғаннан кейін 1 сағаттан соң шомылдыру керек. Ал күніне 1 реттен артық шомылдыруға болмайды. Сонымен қатар шомылған баланы жарты сағат немесе 1 сағаттан соң ғана далаға шығаруға болады.

Massaget.kz
11 тамыз 2019 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930