Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Қолымда сия, алдымда ақ парағым,
Жүрегімнен жыр жазып ақтарамын.
Бабамның маған артқан үмітімен,
Болашаққа нық басып, аттанамын.
Жаңғыруда жаңарып қазақ елім,
Ұялатып көңілге нағыз сенім.
Дами берші шарықтап дархан далам,
Рухани жаңғыратын шағың сенің.
Барынша жаңғыруда қыр мен далаң,
Қорғаған жерің де бар, сай мен салаң.
Білімге беріп басым бағыттарды
Сауатты қазір міне, қыз бен балаң.
Ей, жырым жай кеңінен қанатыңды,
Күтпегейсің шабыт келер қара түнді.
Ақын қыз қара өлеңін төкпелейді
Ойлап қой, шектеуі бар сағатыңды.
Жаңғыруға оралып, жазам жырды,
Жаһанданып еліміз асар қырды.
Рухани жаңғыруы жаман емес,
Меңгеріп технологияны смарт сынды.
Үкімет енгізді латын қаріптерін,
Сақтау үшін дейді қазақ әріптерін.
Жатсынбай ата-бабаң, ұрпақтарың,
Меңгеріп алды латын әліпбиін.
Бастауыштан үйретіп шетел тілін,
Үйренуге бар тілді жетер білім.
Дамыған отыз елдің қатарына,
Осылайша кірмекші қазақ елім.
Орнатып байланысты озық елмен,
Қызығар жерімізге көзі көрген.
Қанша ұлт шаңырағымда тұрса дағы,
Ынтымақ достықпенен жөнін білген.
Жырлаймын, жырлай түсем осы шақты,
Рухани жаңғыратын жасыл бақты.
Ал елім ақыныңды биік көтер,
Сусындат жырмен талай болашақты.
Жаңғырудың бастамасы көрме болды,
Қызыққан ел көп, іші бірден толды.
«Экспо-2017» көрмесінің
Тамашасы талайға құт боп қонды.
Жыл сайын бой көтеріп ғимараттар,
Көбейді жаңғыра түскен жасыл бақтар.
Мұңайма ата-бабам ел жастары,
Рухани жаңғыру мен үміт ақтар.
Шарықтай түс, шабытым шексіз менің,
Тоқтаусыз толғанатын тұсың сенің.
Жаңғырудың ең биік аясында,
Жаңғыра түс, тәуелсіз елім менің.

Әбілдә ҚАРЛЫҒАШ,
Бидайкөл ауылы
10 тамыз 2019 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930