Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шайдың зияны туралы білесіз бе?

Шайдың зияны туралы білесіз бе?

ШайдÑÒ£ зиÑÐ½Ñ ÑÑÑÐ°Ð»Ñ Ð±ÑлеÑÑз бе?Шайдың пайдасымен бірге зияны да баршылық екен. Сондықтан бұл сусынды да «іше білу» керек.  1. Аш қарынға шай ішу Аш қарынға қою шай ішсеңіз, оның салқын табиғаты көкбауыр мен асқазанды суытып жібереді екен. 2. Тым ыстық шай Тым ыстық шай тамағымызды, өңеш пен асқазанды қоздырады. Ыстық шайды көптеп ішу бұл органдардың ауруына да алып келуі мүмкін. Шайдың температурасы 56 градустан жоғары болмауы керек. 3. Салқын шай Жылы және ыстық шай бізді сергітіп, оятатын әсер берсе, салқын шай салқынның сақталуы мен қақырықтың жиналуына әкеледі. 4. Тым қою шай Тым қою шайдың құрамындағы кофеин мен танин бас ауруы мен ұйқысыздыққа апаруы мүмкін. 5. Шайды ұзақ шығару Шайды тым ұзақ шығарсаңыз, шай полифенолдары мен эфир майлары өздігінен қышқылданып, шайдың дәмін, иісін бұзады. Сонымен қатар тұрып қалған шайға бактериялар жиналады. 6. Тамақтану алдындағы шай Тамақтану алдында шай ішу сілекейдің сұйылтуына апарады. Яғни тағам дәмі сезілмей, ас қорыту органдары протеинді уақытша игере алмай қалуы мүмкін. 7. Тамақтанудан кейінгі шай Тамақтанудан кейін бірден шай ішу ас қорытуды бәсеңдетіп, ас қорыту органдарының жұмысын бұзады. Шай ішкіңіз келсе, жарты сағаттай күте тұрыңыз 8. Дәрілерді шаймен ішу Шайдың құрамындағы илік заттар дәрінің дұрыс игерілмеуіне апаратын танин бөледі. Сондықтан қытайлықтар шай дәрілерді бұзады дейді екен. Сурет: mrwallpaper.com

Massaget.kz
08 тамыз 2019 ж. 1 017 0