Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рэпер Lil Nas X рекорд жаңартты

Рэпер Lil Nas X рекорд жаңартты

Рэпер Lil Nas X синглі "Old Town Road" жаңа рекорд орнатты. Бұл ән Billboard Hot 100 топтамасында 17 апта қатарынан көш бастады.

Осыған дейін рекорд ұзақтығы 16 апта болып, 1995-1996 жылдары "One Sweet Day" әнімен танымал болған Мэрайя Кэри мен Boyz II Men-ге тиесілі болса, 2017  жылы бұл рекордты жаңартқан "Despacito" әнінің орындаушылары Luis Fonsi мен Daddy Yankee болатын.


"Old Town Road" тек АҚШ-та ғана емес, Ұлыбритания, Аустралия, Германия, Франция елдерінде көп тыңдалған әндердің қатарына кірді. Одан бөлек жақында, "Seoul Town Road" деген атаумен, Оңтүстік Кореялық BTS тобының мүшесі, рэпер RM қатысуымен әннің ремиксі шыққан болатын. Бұл әннің Шығыс Азия мемлекеттерінде чартқа енуіне әсер етті.

Massaget.kz сайты
03 тамыз 2019 ж. 622 0